қазақстан
Қазақстан • 16 Маусым, 2025
Қазақстан құс тұмауынан ада ел мәртебесін алды
Жануарларды қорғаудың дүниежүзілік ұйымы (ЖҚДҰ) Қазақстанның жоғары патогенді құс тұмауынан ада ел мәртебесіне ие екендігі жөніндегі өзіндік декларациясын ресми түрде мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 16 Маусым, 2025
Қазақстанда көмір химия зауыты салынады
Премьер-министр Олжас Бектенов пен Қытайдың Shandong Energy Group Co. компаниясының басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Басқосуда энергетика саласындағы стратегиялық әріптестік мәселелері, соның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу жөніндегі бірлескен жоба кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кірісті
Елордада Power Central Asia + China атты алғашқы өңірлік энергетикалық форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараны еліміздің Энергетика министрлігі мен «инфрақұрылым және инновациялық дамуға жәрдемдесу қауымдастығы» бірлесіп ұйымдастырып отыр. Форум «Орталық Азия – Қытай» саммиті аясында өткізіліп, энергетика, өнеркәсіп және жоғары технологиялар саласындағы екіжақты стратегиялық бастамаларға жол ашуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Маусым, 2025
Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бизнес • 13 Маусым, 2025
Елімізде шағын өнеркәсіптік аймақтар іске қосылады
Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа тетігі – шағын өнеркәсіптік аймақтар (ШӨА) белсенді түрде құрылып жатыр. Бұл бастама өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған ұлттық стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 13 Маусым, 2025
Отандық әскер киберқалқан әзірлеуді қолға алады
Astana Hub технопаркінде Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиевтің жетекшілігімен IT-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараны Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан ГИС Орталығы» ұйымдастырды, деп жазады Egemen.kz.
Еңбек • 13 Маусым, 2025
Биыл 190 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 186,5 мың адам қамтылды, ал 190,6 мың қазақстандық нақты жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 13 Маусым, 2025
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі отандастарға үндеу жасады
Қазақстанның Израильдегі Елшілігі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты Израиль аумағында жүрген отандастарға арнайы үндеу жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Маусым, 2025
ТМД Экономикалық сотының төрағалығына Герман Нұрбаев сайланды
ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев Минскіде (Беларусь) ТМД Экономикалық соты Пленумының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында мүше мемлекеттердің жоғары сот органдарының өкілдері мен ТМД ЭС судьялары болды, кездесу барысында А.Мерғалиев ТМД ЭС-ның Құрмет грамотасымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2025
Қазақстан мен Иран агросалада ынтымақтастықты нығайтады
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Астанаға ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Ауыл шаруашылығы жихады министрі Голамреза Нури Гезелдже мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар дәнді-дақылдар экспорты мен аграрлық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Таза Қазақстан» • 12 Маусым, 2025
Маңғыстауда биыл 31 мыңнан астам ағаш отырғызылады
Өңірде қалдықтарды басқару инфрақұрылымын дамыту үшін «Жасыл Даму» АҚ арқылы екі инвестициялық жоба қолға алынған. Көгалдандыру бағытында 31 568 түп ағаш отырғызу жоспарланып, оның 45%-ы орындалған, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 12 Маусым, 2025
Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен SpaceX компаниясының құрылымы Starlink-пен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Starlink компаниясының еліміздегі заңнамалық талаптарын сақтай отырып, ел аумағында спутниктік интернет қызметтерін ұсынуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 12 Маусым, 2025
23 семсерші Азия бәсекесіне барады
Семсерлесуден Азия чемпионаты – Индонезияның Бали аралында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары ерлер және әйелдер арасында қылышпен, шпага және рапирамен сынға түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 12 Маусым, 2025
Жалпы ішкі өнім көлемі 6 пайызға өсті
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 11 Маусым, 2025
Қазақстан және Словакия премьер-министрлері кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапарымен келген Словакия Республикасының Премьер-министрі Роберт Фицомен кездесті. Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 11 Маусым, 2025
Қазақстан-Словакия байланысы нығаяды
Мемлекет басшысы Словакия Премьер-министрімен кеңейтілген құрамда жүргізілген келіссөз барысында Словакияны Қазақстанның Еуропадағы маңызды әрі сенімді серіктесі ретінде атады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Заң • 11 Маусым, 2025
Қазақстанда рақымшылық туралы заң қабылданды
Мәжіліс «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңды қабылдады. Құжат Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді және қылмыстық саясатты ізгілендіруге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 11 Маусым, 2025
Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы ресми сапармен келеді
16-17 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 10 Маусым, 2025
Нысана көздеуден Әлем кубогі кезеңінде сайысатын спортшылар
Байрақты дода – Германияның Мюнхен қаласында өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады, деп жазады Egemen.kz.
Форум • 09 Маусым, 2025
Президент «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан – Болгария» бизнес-форумына белсене қатысқаны үшін Румен Радевке және болгар кәсіпкерлеріне алғыс айтты. Мемлекет басшысы аталған іс-шара екі елдің экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ипотека • 09 Маусым, 2025
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендетілді
Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлеме қайта қаралды. Енді ол жылдық 20 пайыздан аспауы тиіс — бұған дейін бұл шек 25 пайыз болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі
Қазақстан Президенті ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келгені үшін Румен Радевке шынайы ризашылығын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды
Алдымен екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентімен келіссөз жүргізді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Болгария Президентін Ақордада қарсы алды
Ақордада Астанаға ресми сапармен келген Болгария Президенті Румен Радевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 09 Маусым, 2025
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялады. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай бірлескен тасымал жүйесін құрады
4 маусымда Алматыда «Қытай (Шаньдун) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті. Екі елдің билік, бизнес және инвестициялық құрылым өкілдері қатысқан іс-шара барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қытай делегациясының басшысы – Шаньдун провинциясы губернаторының орынбасары Сун Цзюньцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Көктемгі егіс жұмыстары толық аяқталды
Мемлекеттік қолдау шараларының, диқандар мен жергілікті әкімшіліктің үйлесімді жұмысының арқасында Қазақстанда биыл егіс дер кезінде жүргізіліп, толық аяқталды, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Маусым, 2025
ШЫҰ кеңістігіндегі өзекті мәселелер сараланды
Қазақстан Қаржы министрі Мәди Такиев Қытай Халық Республикасының астанасы Бейжіңде өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 05 Маусым, 2025
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе қатынасы күшейді
Қазақстан Кореядан Алматы, Астана және Шымкентке тікелей рейстер жиілігін аптасына 17 рейске дейін арттырды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.