Қоғам • Бүгін, 11:54

2025 жылдың күзінде қазақстандықтар неше күн демалады

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2025 жылы стандартты кесте (5/2) бойынша жұмыс істейтіндер Конституция күніне орай үш күн демалады. Әдетте 30 тамызда аталып өтетін мереке сенбіге түседі, сондықтан «Мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күні дүйсенбі – 1 қыркүйекке ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2025 жылдың күзінде қазақстандықтар неше күн демалады

Қыркүйек

Демалыс күндерінің кестесі мынадай болады:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек – демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін де Конституция күніне орай  қосымша демалыс беріледі. Мереке 30 тамыз сенбіге түсетіндіктен оларда қатарынан екі күн демалыс болады – 30 және 31 тамыз, ал 1 қыркүйек - жұмыс күні. 

  • Бес күн жұмыс істейтіндер - 9 күн;
  • Алты күн жұмыс істейтіндер - 4 күн демалады.

Қазан

25 қазан (сенбі) – Қазақстанда Республика күні мерекесі. Мереке демалыс күніне түскендіктен, заң бойынша демалыс дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, бес күн жұмыс істейтіндерде үш күндік демалыс беріледі – 25, 26 және 27 қазан.

2025 жылдың қазан айында бес күндік жұмыс істейтіндер үшін барлығы 9 демалыс күні болады: айдың барлық сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ 27 қазан дүйсенбі – Республика күнінен ауыстырылған қосымша демалыс.

Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 қазан (сенбі) – мерекелік демалыс, 26 қазан (жексенбі) – тиісті демалыс, ал 27 қазан (дүйсенбі) – жұмыс күні. Осылайша оларда қатарынан екі күн демалыс болады – 25 және 26 қазан.

Қараша

2025 жылдың қарашасында бес күндік жұмыс істейтіндер үшін барлығы 10 демалыс күні бар: айдағы барлық сенбі және жексенбі күндері. Қосымша мерекелік демалыс күндері қараша айында болмайды.