П
Заң мен Тәртіп • 09 Қаңтар, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 70 адамды тұтқындады
2025 жылы Қазақстанның арнайы қызметтері ел аумағында әрекет еткен 20 қарулы қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Бұл топтар кісі өлтірумен, бопсалаумен және есірткі бизнесімен айналысқан. Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар 70 адам ұсталды. Олардың арасында шетел азаматтары да бар, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 09 Қаңтар, 2026
Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?
Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы уақыт қалды. Осыған орай елордалық шорт-трекшілер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 09 Қаңтар, 2026
Елімізде ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету уақытша тоқтатылады
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкі бірлескен қаулы қабылдады. Бірлескен қаулыға сәйкес 2025 жылғы 1 қарашадан бастап 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 25%-дан 20%-ға дейін төмендету жөніндегі норманы тоқтата тұру жоспарланып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 09 Қаңтар, 2026
Жәбірленушілерге 300 млн теңге қайтарылды: «HAS» пирамидасының құрбандары кімдер?
Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті «HAS» қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккен азаматтардың өтініштері негізінде жаңа эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2026
Астанада Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының төртінші отырысы өтеді
Бүгін Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа мәселелері жөніндегі Жұмыс тобының кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Қаңтар, 2026
Конгрестің келісімінсіз Венесуэлаға шабуылдауға болмайды: Сенат Трампқа шектеу қойды
АҚШ Сенаты президент Дональд Трамптың өкілеттігін шектеу бағытында қадам жасап, екі партия өкілдері қолдаған резолюцияны қабылдады. Бұл құжат Конгрестің алдын ала келісімінсіз Венесуэланың «ішінде немесе оған қарсы» әскери күш қолдануға тыйым салады. Заң жобасын 52 сенатор қолдап, 47 сенатор қарсы дауыс берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экспорт • 09 Қаңтар, 2026
Қазақстан қай елдерге астық тасымалдауды арттырды?
2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ желісі бойынша астық тасымалдау көлемі 14,3 млн тоннадан асты. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31%-ға артық, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 09 Қаңтар, 2026
Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты
Былтыр 119-дан астам кітап 240 500 дана таралыммен басылып, еліміздің өңірлік кітапханаларына жеткізілді. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
«Қайрат» – «Брюгге» матчы: билеттер сатылымы басталды
20 қаңтар күні елорданың Астана Арена стадионында алматылық Қайрат бельгиялық Брюгге командасымен УЕФА Чемпиондар лигасы аясында ойнайды. Аталған матчқа билеттер сатылымы басталғанын Freedom Ticketon сервисі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 08 Қаңтар, 2026
Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды
Бокстан 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов спорттық мансабын аяқтап, басшылық қызметке тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2026
Ақтауда ер адамды соққыға жықты: қылмыстық іс қозғалды
Ақтауда ер адамды соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды
Қазақстандық маман Ринат Алюетов «Оқжетпес» футбол клубы бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Партия • 08 Қаңтар, 2026
Талдықорғанның өндіріс көлемі 6,5%-ға өсті
Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Руслан Қожасбаев пен Болат Керімбек Жетісу облысындағы стратегиялық маңызы бар өндіріс орындарын аралады. Жұмыс сапары аясында жергілікті өндірістің әлеуеті мен жаңа жұмыс орындарын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Партия • 08 Қаңтар, 2026
Аграрлық колледждердің басшылары оқу орындарына жер беруді сұрап отыр
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Шәкәрім университеті Ветеринария және ауыл шаруашылығы зерттеу мектебінің оқытушыларымен және студенттерімен, сондай-ақ Абай облысындағы аграрлық колледждердің басшыларымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынды
Қысқы каникул күндерінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілген рейдтер барысында Ақтөбе облысында түнгі уақытта бақылаусыз жүрген 191 жасөспірім полиция бөлімдеріне жеткізілді. Соның ішінде бірнеше қайтара тәртіп бұзған 27 кәмелетке толмаған жастың ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 08 Қаңтар, 2026
Трамптың немересі өз шындығын айтты
АҚШ президентінің он сегіз жастағы немересі Кай Трамп Полдың 76 млн жазылушысы бар мега-инфлюенсер Логан Impaulsive подкастында жеке өмірі мен күзетшілеріне байланысты кездесетін қиындықтары туралы айтып берді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 08 Қаңтар, 2026
ҚазҰУ-дың шатырына күн панельдері орнатылды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі бірқатар оқу корпустарының шатырына күн панельдері орнатылды. Атап айтқанда, Экономика және бизнес жоғары мектебі, журналистика, заң, тарих, география, биология, филология және медицина факультеттерінің ғимараттары күн панельдерімен жабдықталды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Қаңтар, 2026
13 жастағы оқушы информатикадан республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды
Павлодарлық 7-сынып оқушысы Имран Кусанов бастауыш сыныптан-ақ компьютерлік бағдарламалауға, математикалық есептерге жүйріктігімен көзге түсіп келеді. Биыл ол республикалық Ауыл олимпиадасында 9-сынып оқушыларымен бір деңгейде сынға түскен. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Елена Рыбакина Паула Бадосадан басым түсті
Аустралияның Брисбен қаласында теннистен WTA 500 турнирі жалғасып жатыр. Кеше және бүгін ширек финалға шыққан ойыншылар белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Қаңтар, 2026
Атырауда балық қорғау инспекторлары квадроциклмен Жайыққа түсіп кетті
Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мемлекеттік инспекторлардың квадроциклмен Жайық өзеніне түсіп кеткенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
«Алматы – Бішкек» күрежолында апат болып, үш адам қаза тапты
«Алматы – Бішкек» күрежолының 86-шақырымында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Alphard» маркалы автокөліктің 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлік құралын аударып алған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 08 Қаңтар, 2026
Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?
JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 08 Қаңтар, 2026
Олимпиада, Азиада, әлем чемпионаты: 2026 жылы өтетін ірі спорттық додалар
2026 жыл қазақ спорты үшін аса мазмұнды әрі маңызды оқиғаларға толы болмақ. Спортшыларды бірден бес ірі кешенді жарыс, сондай-ақ бірнеше әлем чемпионаты күтіп тұр. Бұл туралы Olympic.kz жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстанда ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер неге төмендетілмеді?
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету талабын уақытша тоқтату туралы шешімнің себептерін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ипотека • 07 Қаңтар, 2026
Биыл қолжетімді болуы мүмкін ипотекалық бағдарламалар анықталды
2026 жылы ипотекалық бағдарламалар жаппай емес, нақты әлеуметтік және кәсіби топтарға бағытталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткермен келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Қаңтар, 2026
Туризм және спорт министрлігі: Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 07 Қаңтар, 2026
Қазақстан сиыр етін сыртқа шығаруды қатаң квотамен шектейді
Ауыл шаруашылығы министрлігі ірі қара мал етін экспорттауға қатысты жаңа шектеу тәртібін түсіндірді. 2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап Қазақстан аумағынан сиыр етін үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне шығаруға квота жүйесі енгізілді. Бұл талап 2026 жылғы 30 маусымға дейін күшінде болады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 07 Қаңтар, 2026
Президент сұхбаты: мемлекет саясаты қалай өзгерді?
Қазақстандық қоғамдық даму институтының сарапшылары Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатына талдау жасап, онда мемлекеттік саясаттың логикасы қалай өзгергенін және бұл өзгерістердің әр азаматтың күнделікті өміріне қалай әсер ететінін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 07 Қаңтар, 2026
АҚШ Конгресі Венесуэлаға қатысты әрекеті үшін Трампты айыптады
АҚШ Конгресінің өкілі, Демократиялық партиядан сайланған Эйприл Макклейн Делэйни Венесуэлада жүргізілген әскери операцияға байланысты ел президенті Дональд Трампқа импичмент жариялауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.