Әлем • 08 Қаңтар, 2026

Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

JPMorgan деректеріне сәйкес, ОПЕК Венесуэланың мұнай қорын шамамен 300 млрд баррель деп бағалайды, деп жазады Egemen.kz.

Венесуэла мұнайының қоры 300 млрд баррель екені рас па?

Ашық дереккөз

Алайда салалық көптеген сарапшылар бұл көрсеткіштердің шынайылығына күмән келтіреді. Бұл туралы KazService телеграм-арнасы жазды. Себебі ОПЕК жариялайтын мәліметтер елдердің өздері ұсынған ақпаратқа негізделеді және тәуелсіз аудитпен расталмайды.

Сарапшылардың бағалауынша, нақты өндіріп алуға болатын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді мұнай қоры 25-30 млрд баррель көлемінде ғана.

Ал өндіру жағдайы Ориноко белдеуіндегі аса ауыр мұнайға байланысты өте күрделі. Бұл факторлар өндіріс шығындарын айтарлықтай арттырады.

«Тұрақты мұнай өндіру мен экспортты қайта қалпына келтіру үшін инфрақұрылымға, мұнай өңдеу зауыттарына, құбыр жүйелеріне және энергетикалық жобаларға шамамен 1 трлн доллар көлемінде инвестиция қажет болуы мүмкін», делінген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар

Жасанды интеллект құрылысқа жат емес

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:55

Әскер беделі – ел беделі

Әскер • Бүгін, 09:45

Қайырымды азаматтардың демеуі

Аймақтар • Бүгін, 09:40

Егінді «AgroSky» бақылайды

Технология • Бүгін, 09:35

Сингулярлық кезең

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

ЖИ-ді қолдану қауіпсіз бе?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:20

«Шыны мақтадан» табыс тапқан

Өндіріс • Бүгін, 09:15