Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина бүгін таң ата испаниялық Паула Бадосамен күш сынасты. Кезінде әлемнің екінші ракеткасы болған Пиреней түбегінің өкілі жерлесімізге жарытып қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 26 минутқа созылған сайыс 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Оның алдында Рыбакина қытайлық Чжан Шуайға 6:3, 7:5 есебімен шаң қаптырған еді. Енді жерлесіміз чехиялық Каролина Мухова мен ресейлік Екатерина Александрова арасындағы кездесудің жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Елена Рыбакинаның WTA 500 турниріндегі қарсыластары белгілі болды
Жұптық бәсекеде Анна Данилина табысты өнер көрсетіп жатыр. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге америкалық Дезира Кравчик және Софья Кенинді, ресейлік Екатерина Александрова мен Мирра Андрееваны жолынан ығыстырып, жартылай финалда Испания мен Аустралияның өкілдері Кристина Букша мен Эллен Переспен кездеседі.