Спорт • 09 Қаңтар, 2026

Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарының басталуына санаулы уақыт қалды. Осыған орай елордалық шорт-трекшілер дайындықтың соңғы кезеңін өткізіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Шорт-трекшілер Олимпиада ойындарына дайын ба?

Фото: sport-wiki.org

Басты стартқа дайындық басталған

Шорт-тректен Қазақстанның ұлттық құрамасы дайындықты толық қарқында жүргізіп жатыр. Спортшылар үшін қазір әрбір деталь маңызды: форма, денсаулық және тұрақты нәтижелер. Себебі Италияда олар тұтас елдің намысын қорғайды.

Нәтижені секундтар анықтайды

Шорт-трек – ең динамикалық және болжап болмайтын спорт түрлерінің бірі, жарыстың нәтижесі соңғы секундтарда анықталады. Сондықтан жарыс шиеленісті және қызықты өтеді. 

Отандық спортшыларда 9 лицензия

Шорт-тректен Қазақстанның ұлттық құрамасы  Олимпиадаға қатысуға 9 лицензия жеңіп алды. Құрамды бапкерлік штаб анықтады. Еліміздің атынан жарыс алаңына шығатын ойыншылар Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан. Барлық спортшылардың Олимпиада ойындарында тәжірибесі бар.

Команда капитаны, әлем чемпионаттарының екі дүркін күміс жүлдегері Денис Никиша. Ол үшін алдағы Олимпиада мансабындағы төртінші ойын.

Денис Никиша мен Абзал Әжіғалиевтің екеуінің қашықтығы бірдей, еңсеруге тиісті қашықтығы – 500 метр.

Шорт-тректен екі алтын медаль жеңіп алдық

Әр спортшыда жеке қашықтық

Отандық шорт-трекшілер 5 жеке қашықтықта және аралас командалық эстафетада медаль үшін бақ сынайды. Пекиндегі өткен Олимпиадада команда 2000 метрлік аралас эстафетада үздік бестіктің қатарында болды. Биыл спортшылар барлық қашықтықта ең мықты қарсыластармен жарысуға дайын.

Қазақстан шорт-трек ұлттық командасының бас бапкері Пётр Гамидовтың айтуынша, дайындық кезінде әр спортшының жеке қашықтығына назар аударылып отыр. Әркім өз жоспары бойынша әзірленеді. Күшті жақтары дамытылып, әлсіз тұстары жетілдіріліп жатыр.

24.kz-тің хабарлауынша, сарапшылар Қазақстан ұлттық командасының бапкерлік штабының, оның ішінде кеңесші бапкер, сервис және медициналық топтардың жоғары деңгейде жұмыс істейтінін атап өтті. Астанадағы дайындықтан кейін команда Нидерландыға оқу-жаттығу жиынына, содан кейін тікелей Италияға аттанады.

Қысқы Олимпиада ойындары 6 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында басталады.

Қысқы олимпиада ойындары қыр астында: Қоржында қанша лицензия бар?

Соңғы жаңалықтар