іс
Қоғам • 15 Сәуір, 2026
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Жетісу облысында аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды. Полиция қызметкерлері әйелдің заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, оның пайдакүнемдік мақсатта ұйымдастырылған қылмыстық схемасының жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 15 Сәуір, 2026
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Әбутәліп Мүтәлі Премьер-Министр Олжас Бектеновке таулы аймақтарда сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 15 Сәуір, 2026
Елімізде ғылым қалашықтары мен ғылыми-технологиялық парктер құрылады
Ғылым мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер елдің ғылыми-технологиялық және инновациялық әлеуетін нығайтуға бағытталған. Осы мақсатта бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ғылыми және технологиялық ресурстарды тиімді шоғырландыру, жоғары технологиялық өндірістерді дамыту және ғылымның инвестициялық тартымдылығын арттыру тетіктері ұсынылады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 15 Сәуір, 2026
Антониу Гутерриш: Таяу Шығыстағы қақтығыс әскери жолмен шешілмейді
БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық құқықтың әлем бойынша елеулі түрде әлсіреп бара жатқанын мәлімдеп, Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Сәуір, 2026
Түркістан облысындағы жеке клиникада лицензиясы жоқ дәрігерлер қызмет көрсеткен
Түркістан облысының прокуратурасы мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдарға жүргізген тексеру барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында қаражатты заңсыз иемдену және тиімсіз жұмсау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2026
Есірткі қылмысын отбасылық бизнеске айналдырғандар ұсталды
Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысын жақын туыстардың ұйымдастыру, сату фактілері жиілегенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Келешек мектептері • 14 Сәуір, 2026
STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді
Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласындағы орта мектепте заманауи STEM зертханасы жұмыс істеп тұр. Бұл білім алаңы оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, инженерлік ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 14 Сәуір, 2026
Жеміс-көкөністі өңдеудің жаңа технологиясы әзірленді
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары жеміс-көкөніс өнімдерін терең өңдеуге арналған жаңа технологияны әзірлеп шығарды. Жаңа технология табиғи сығылған шырындар, джемдер мен жоғары функционалдық пюре өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Алакөл мен Балқаш туризмі: Мемлекет басшысы Жетісу облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары туралы баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Көлік министрлігі жолаушыларды автомобильмен тасымалдау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі. Құжат мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көлік қолжетімділігін арттыруға, қызмет сапасын жақсартуға және талаптарды қазіргі жағдайға бейімдеуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 14 Сәуір, 2026
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді
Жүргізуші куәлігін алу үдерісін жетілдіру бағытында Үкімет нақты қадамдарға көшті. Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев төрағалық еткен кеңесте емтихан тапсыру тәртібін жаңғыртуға қатысты кешенді шаралар қаралып, бекітілді, деп жазады Egemen.kz.
Табиғат • 13 Сәуір, 2026
Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Каспий теңізінің акваториясында 12 сәуірге қараған түні үш рет жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Елімізде алғаш рет толықтай жасанды интеллект көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді. «Түркістан сақшылары» атты жоба шытырман оқиғаларға толы тартымды сюжетімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Кипрдегі «Үміткерлер турнирінің» 11-турында Бибісара Асаубаева қытайлық Тань Чждунъимен тең ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 10 Сәуір, 2026
Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 10 Сәуір, 2026
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығы Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 09 Сәуір, 2026
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа деструктивті діни ағымдарға тыйым салу жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Қарағандыда есірткіге қарсы ауқымды акция өтті: 2 мыңнан астам граффити жойылды
Қарағанды қаласында «Есірткіге қарсы бірге күресейік» ұранымен кең көлемді акция ұйымдастырылып, қоғамды қауіпті індетке қарсы жұмылдыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Сақтандыру ұйымдары несие өтелген соң 5 жұмыс күні ішінде ақшаны қайтаруға міндеттелді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алу кезінде рәсімделетін сақтандыру шарттарына қатысты енгізілген жаңа заңнамалық өзгерістер туралы ескертті. Бұл өзгерістер қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 09 Сәуір, 2026
Жетісудағы туристік инфрақұрылым: Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйі тексерілді
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Жетісу облысындағы туристік инфрақұрылымның жазғы маусымға дайындығымен танысып, Алакөл жағалауындағы негізгі нысандардың жай-күйін тексерді, Egemen.kz.
Оқиға • 09 Сәуір, 2026
Түнде Алматы облысында жер сілкінісі тіркелді
2026 жылғы 8 сәуір күні сағат 22:55-те Алматы облысы, Іле ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Сәуір, 2026
«Несие беруден бас тартты»: Банк қызметкері зейнеткерлердің ақшасын өз шотына аударып отырған
Қарағанды облысының Осакаров ауданында бұрынғы банк менеджеріне қатысты алаяқтық фактісі анықталды. Күдікті зейнеткерлердің жеке деректерін пайдаланып, олардың атына несие рәсімдеген деген күдікке ілінді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2026
Әзербайжан жағалауында магнитудасы 5,4 баллдық жер сілкінісі тіркелді
Бүгін Астана уақытымен сағат 14:05-те (Гринвич бойынша 09:05) Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы жанындағы Геофизикалық зерттеулер институты Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2026
Қазақстанда психологтардың қызметі заңмен реттеледі
Мәжіліс депутаттары еліміздегі психологиялық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған «Психологиялық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл құжат Президенттің сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 08 Сәуір, 2026
АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітім туралы мәлімдемеден кейін мұнай бағасы 13-17%-ға төмендеген. Нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 93 доллардан төмендеді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2026
Ақтөбе облысы әкімдігіндегі өрт: Ғимарат электр желісінен толық ажыратылды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайға байланысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырында болған өртке қатысты ахуал жан-жақты қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2026
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандар өздерін ақтауды талап етті
Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар кассациялық шағым түсіріп, толық ақтауды талап етті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев мәлімдеді, декп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Балқаш көлі жағалауындағы жер учаскелері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылады
Жетісу облысында Балқаш көлі жағалауындағы жер телімдері инвесторларға ашық аукцион арқылы ұсынылатын болады. Бұл бастама көл жағалауын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 07 Сәуір, 2026
Елімізде импорттық тауарлардың бағасы бірнеше пайызға арзандауы мүмкін
Қазақстанда шетелден әкелінетін тауарлардың бағасы біршама төмендеуі ықтимал. Сарапшылардың айтуынша, доллар бағамының әлсіреуі импорттық өнімдер құнына әсер етуі мүмкін, алайда айтарлықтай арзандау күтілмейді, деп жазады Egemen.kz.