Өзен жағасында орналасқан елді мекендердің тұрғындары бұл табиғи құбылысты қызығушылықпен бақылап отыр.
Мамандардың айтуынша, көпжылдық бақылау нәтижесіне сәйкес, соңғы жылдары мұз жүруінің қарқыны бәсеңдеп келеді. Бұған ауа температурасының өзгеруі секілді түрлі факторлар әсер етіп жатыр. Сонымен қатар, өзеннің 60-70 шақырымдық бөлігі қыс мезгілінде толық қатпайды. Осыған байланысты Ертісте бұрынғыдай ірі мұз кептелістері сирек байқалады.
Мұз жүру кезеңінде төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, өзендегі су деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізеді.
Ал мұз толық өткеннен кейін Павлодар өңіріне шығыс аймақтардағы су қоймаларынан жіберілетін судың едәуір көлемі келіп түседі.