Келешек мектептері • Бүгін, 18:02

STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласындағы орта мектепте заманауи STEM зертханасы жұмыс істеп тұр. Бұл білім алаңы оқушылардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, инженерлік ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашып отыр, деп жазады Egemen.kz.

STEM зертханасы: Жаркенттік оқушылар 3D технологиясы мен ІТ-бағдарламалауды меңгерді

Бүгінде мектеп мақтанышына айналған зертхана бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Әрқайсысы оқушының қабілетін ашуға бағытталған. Инженерия алаңында жасөспірімдер күрделі сызбалар әзірлеп, көпірлердің беріктігін сынайды, тіпті жел электр станцияларының модельдерін құрастырады. Ал IT және робототехника бағытында оқушылар Arduino мен LEGO жиынтықтарын пайдаланып, роботтарды бағдарламалап, оларды түрлі кедергілерден өткізуге машықтанады.

«Келешек мектептері» рекордтарға жол ашты

Зертхананың тағы бір маңызды бөлігі – креативті хаб. Мұнда оқушылар топпен жұмыс істеп, жобаларын қорғайды, стартап идеяларын талқылап, өз ойын еркін жеткізуді үйренеді. Бұл – тек техникалық білім емес, командалық жұмысты қалыптастыратын орта.

Мектеп оқушыларының қолынан шыққан «BILIM TREND STEM», «Ақылды жылыжай», «Ақылды қоқыс жәшігі» жобалары бүгінде ерекше қызығушылық тудырып отыр. Бұл бастамалар экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған нақты жобалар ретінде бағаланып отыр. Оқушылар 3D модельдеу арқылы жобаларын әзірлеп, 3D принтерден басып шығарады, сондай-ақ бағдарламалау арқылы алғашқы мобильді қосымшалар мен ойындарын жасап жүр.

«Келешек мектептері» барлық мектептің дамуына негіз болады

Зертхананың басты ерекшелігі – жобалық оқыту тәсілі. Мұнда әр оқушы «Бұл білім маған не үшін қажет?» деген сұраққа нақты жауап табады. Мәселен, судың сапасын анықтайтын автоматты құрылғы жасау арқылы олар экология мәселесіне нақты үлес қосады.

Мұндай білім алаңдары – технологиялық дамудың берік іргетасы. Себебі оқушы физика заңдарын робот құрастыру арқылы меңгеріп, математикалық есептерді 3D модельдеу арқылы шешкенде оның танымы кеңейе түседі.

Фото

Жалпы, STEM зертханасы – балалардың арманына қанат бітіріп, оларды үлкен ғылым жолына жетелейтін маңызды білім кеңістігі.

«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды

Соңғы жаңалықтар