ең
Спорт • 30 Мамыр, 2026
Иван Дычко жеңіліс көрмеген британдық боксшымен шығады
Олимпиада ойындарының қос бірдей қоласын иеленген Иван Дычко рингке қайта оралады. Келесі жекпе-жегін ол 6 маусым күні жеңіліс көрмеген британдық Харви Дайкспен өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры: Теңгелік депозиттер табыс табудың құралына айналды
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры елдегі инфляцияның баяулауы және Ұлттық банктің ақша-несие саясаты аясында азаматтардың жинақтау әдетінде айтарлықтай өзгеріс байқалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 30 Мамыр, 2026
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Бүгін Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Мамыр, 2026
Павлодарда полиция зейнеткердің 4 млн теңгесін сақтап қалды
Павлодар қаласында сауда орталығына барған зейнеткер телефон алаяқтарының арбауына түсіп, өз жинағынан айырылып қала жаздады. Қаскөйлердің психологиялық қысымына сенген ол 4 млн теңгесін алаяқтардың шотына аудармақ болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 29 Мамыр, 2026
29 мамыр – Еуразиялық экономикалық одақ күні болып ресми түрде жарияланды
Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөз сөйледі. Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапат • 29 Мамыр, 2026
Африкада үздік ондыққа енді: 81 жастағы марафоншыға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды
Жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 81 жастағы марафоншы Салтанат Түйтебаев жоғары мемлекеттік марапатқа ие болды. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ардагер спортшыға «Еңбек ардагері» төсбелгісін табыстап, оның ел спорты мен қоғам дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Мамыр, 2026
Президент: Одақ құрылған сәттен бері еуразиялық «бестіктің» басты ынтымақтастық алаңына айналды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Мамыр, 2026
Norway Chess Women-2026: Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді
Бибісара Асаубаева Норвегияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Norway Chess Women-2026 турнирінің төртінші турында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 27 Мамыр, 2026
Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады
Әлемнің екінші ракеткасы қазақстандық Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы екінші айналымында украиналық Юлия Стародубцеваға есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 27 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде валюта бағамы қандай?
27 мамырдағы Алматы, Астана қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Мамыр, 2026
Қазақстанның бірінші Александр Бублик «Ролан Гарростың» алғашқы айналымынан өте алмады
Александр Бублик Францияның ашық чемпионатындағы бірінші айналымда неміс теннисшісі Ян-Леннард Штруффтан ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 26 Мамыр, 2026
Кәсіпкерлікті дамытуға 14,2 млрд теңге: Қарағанды облысы бөлінген қаражатты белсенді іске асыруда
Экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев Қарағанды облысының бизнес қауымдастығымен кездесті. Ашық диалогқа бизнестің, салалық қауымдастықтардың, «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдардың 150-ден аса өкілі қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz
Тарих • 26 Мамыр, 2026
Мемлекеттік кеңесші Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жөнінде жиын өткізді
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстан тарихына арналған көптомдық академиялық басылымды әзірлеу жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Жасөспірімдерді қызметке алатын жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер әзірлеп жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында министр Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 26 Мамыр, 2026
Елімізде 5 мыңнан астам оқушы жұмыс істеп жүр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында 5,3 мың оқушының жұмыспен қамтылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 26 Мамыр, 2026
АҚШ бітім кезеңінде Иранға жаңа соққылар жасады
АҚШ Қарулы күштері Орталық қолбасшылығының өкілі Тим Хокинс АҚШ-тың Ирандағы Ормұз бұғазы маңындағы нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Мамыр, 2026
25 маусымнан бастап ескі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығады
Ұлттық банк 2026 жылғы 25 маусымнан бастап ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноталармен төлем жасауға болмайтынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 25 Мамыр, 2026
Банкомат арқылы қолма-қол ақша шешу көлемі 5,8 трлн теңгеге дейін қысқарды
Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы талдау орталығы 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қолма-қол ақшасыз карточкалық операциялар бойынша статистикалық шолуын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Білім • 25 Мамыр, 2026
Мамандық таңдау: Түлектер нені ескеруі керек?
Алдағы он жылда Қазақстанда түрлі сала бойынша миллиондаған маман қажет болады деген болжам бар. Әсіресе жұмысшы мамандықтарына, білім беру саласына, медицинаға, құрылыс пен ауыл шаруашылығына сұраныс жоғары сақталады. Өндіріс орындарының көбеюі мен аймақтардың дамуы инженерлер мен техникалық мамандарға деген қажеттілікті арттырып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теңге • 25 Мамыр, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
25 мамырдағы Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Мамыр, 2026
«Біріккен Ұлт жеңеді!» атты байқауда Stanford пен Chicago студенттері жеңімпаз атанды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Біріккен Ұлт жеңеді!» атты VI халықаралық бейнематериалдар байқауы биыл мазмұны мен форматы жағынан жаңа деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 24 Мамыр, 2026
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 23 Мамыр, 2026
«Астана» велоклубының шабандозы «Джиро д 'Италияның» 13-ші кезеңін жеңіп алды
«Астана» командасының шабандозы Альберто Беттиол «Джиро д' Италия-2026» велокөпкүндігінің 13-ші кезеңін жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 23 Мамыр, 2026
Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында кіші Талдыкөл маңайында абаттандыру жұмысы жүріп жатқаны туралы жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 23 Мамыр, 2026
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен Ардагерлер Кеңесі ұлттық ойынды дамытуға бірге кірісті
Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы мен ҚР Ардагерлер Кеңесі қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақты дамыту бойынша ортақ келісімге келді. Федерация президенті Алихан Байменов пен Кеңес төрағасы Әбілғазы Құсайынов екі ұйымның арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
Пойыз дәретханасында болған келеңсіздіктен кейін жолаушы 3 млн теңге өндіріп алды
Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты тасымалдаушы компаниядан моральдық зиян мен билет құнын өтеуді талап еткен пойыз жолаушысының талап-арызы бойынша істі қарады, деп хабарлады соттың баспасөз қызметі Egemen.kz
Қоғам • 22 Мамыр, 2026
«Дала академигі» атанған даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына 130 жыл
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, «Дала академигі», даңқты шопан, «Малшылардың маршалы» атанған Жазылбек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның қой шаруашылығы: дәстүрі, дамуы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 22 Мамыр, 2026
Қазақстандық оқушылар жасанды интеллект саласында халықаралық мойындауға ие болды
Осыдан бес күн бұрын АҚШ-та өткен Regeneron ISEF 2026 әлемдегі ең ірі ғылыми жобалар байқауында жасанды интеллект көмегімен қатерлі ісікті анықтау жүйесін әзірлеген қазақстандық оқушы марапатқа ие болған еді. Бүгін қазақстандық оқушылардың тағы екі жобасы жасанды интеллект саласындағы жетекші халықаралық ұйымдардың бірі Association for the Advancement of Artificial Intelligence, қысқаша AAAI, арнайы марапаттарына ие болды, хабарлайды Egemen.kz
Экология • 22 Мамыр, 2026
Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде апаттық-құтқару инфрақұрылымы күшейтілуде
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жұмыс сапары барысында Атырау облысындағы Солтүстік Каспий экологиялық ден қою базасына барды, деп хабарлайды Egemen.kz
Саясат • 22 Мамыр, 2026
Олжас Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz