Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі
Кешенді жоспар шеңберінде мал шаруашылығын дамытуға арналған жылдық сыйақы мөлшерлемесі 6% болатын жаңа жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске қосылды.
«Қаржыландыру келесі шарттармен ұсынылады:
•жеңілдетілген мөлшерлеме – жылдық 6%;
•мал шаруашылығы саласының ерекшеліктерін ескере отырып, икемді несиелеу мерзімдері;
•қаржыландыруды «Аграрлық несие корпорациясы» филиалдары, кредиттік серіктестіктер және екінші деңгейлі банктер арқылы алу мүмкіндігі», делінген хабарламада.
Несиелік қаражат ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға және бордақылау алаңдарын дамытуға бағытталады.
Мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын жіті бақылау қажет – Бибігүл Жексенбай
Бағдарламаның іске қосылуы – шаруаларды қолдауға және мал шаруашылығын дамытуға қосымша серпін береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мал шаруашылығының әлеуетін барынша пайдалану қажет