Фото: Ерлан Омар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы заңнамада мұндай төлем қарастырылмағанын айтты.
«Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми ақпарат тек 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламалар арқылы немесе мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Айта кетейік, әдейі жалған ақпарат тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.
Қостанайда терроризм актісі туралы жалған ақпарат берген жасөспірім жауапқа тартылды