аЛМАТЫ
Экономика • 21 Мамыр, 2026
Алматы облысында 10 мың гектар жайылым жер егістікке айналды
Алматы облысының Ұйғыр ауданында жайылым жерлерін заманауи суармалы егістік алқаптарына айналдыру бойынша инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Egemen.kz
Ғылым • 21 Мамыр, 2026
Алматыда түркі әлеміне арналған халықаралық симпозиум өз жұмысын бастады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «I Баку түркология құрылтайының мұрасы және XXI ғасырдағы түркі әлемі» тақырыбында халықаралық симпозиум басталды. Алқалы жиын түркі халықтарының ғылыми және зияткерлік дамуында айрықша орны бар, 1926 жылы өткен құрылтайдың 100 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 21 Мамыр, 2026
Алматыда қоқысты электр энергиясына айналдыратын кәсіпорын бой көтереді
Премьер-министр Олжас Бектенов қалдықтарды энергияға айналдыру саласындағы ҚХР мен Орталық Азиядағы ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі бар жетекші қытайлық компаниялардың бірі – Hunan Junxin Environmental Protection Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 21 Мамыр, 2026
Ел тұрғындары әуе таксиіне қашан міне алады?
Ел тұрғындары аэротакси қызметін келесі жылдан бастап пайдалануы мүмкін. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 21 Мамыр, 2026
Алматы облысында екі ұйымның жұмысшыларына жалақы уақытында төленбеген
Алматы облысының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр. Жыл басынан бері өңірдегі екі ұйымда қызметкерлерге жалақы уақытында төленбегені анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 21 Мамыр, 2026
Алматы әуежайындағы жанжал: Мас шетелдік анықтама бюросының әйнегін қиратты
Алматы халықаралық әуежайында Франкфурт бағытына ұшпақ болған шетел азаматы қоғамдық тәртіпті бұзып, анықтама бюросы маңында жанжал шығарды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы 2,5 айға шектеледі
Алматыда 30 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан жылу желілерін жаңарту жұмыстарына байланысты Рабиға Сыздық көшесінің бір бөлігінде қозғалыс 2,5 айға шектеледі, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Көзге көрінбейтін бақылау: Жасырын патруль қалай жұмыс істейді?
Алматы қаласында «STOP бұзушылық» ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілген болатын. Осы жүйе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жолдағы тәртіпті күшейтудің тиімді тәсілі десе, енді бірі жүргізушілерге бақылаудың артуы ретінде қабылдайды. Осыған байланысты Egemen.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдап, жаңа жүйенің мақсаты мен тиімділігін зерделеп көрді.
Оқиға • 20 Мамыр, 2026
Алматы облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады
Алматы облысында болған авиациялық оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Жеңіл ұшақ бұталардың арасына қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 20 Мамыр, 2026
Алматыда Beu Fest фестивалі өтеді
Қазақстандық заманауи музыканың басты мерекесі – Beu Fest фестивалі өзінің бес жылдығын кең көлемде атап өтеді. Ауқымды іс-шара 6 маусым күні «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 19 Мамыр, 2026
Клубтан шыққан даулы бейне: жартылай жалаңаш әнші бұзақылығы үшін жазаланады
Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 19 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Министр түсініктеме берді
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкіметте өткен брифингте Алматы халықаралық әуежайы ғимаратының шатыры нөсер жауынға толық есептелмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алматы полициясы тренингте балағат сөз айтқан коучты жауапқа тартты
Әлеуметтік желілерде әйелдерге арналған мастер-класс кезінде түсірілген видео тарады. Кадрларда қатысушылар эмоциясын бейәдеп сөздер айтқан сәттері көрінеді. Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті психологиялық семинар барысында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Мамыр, 2026
Алматы облысындағы қанды оқиға: Марқұмның туыстары ауыр қылмысты қайта қарауды талап етті
Алматы облысы тұрғындары әлеуметтік желіде тараған ауыр қылмысқа қатысты әділ тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Марқұм ер адамның туыстары күдіктіге тағылған бапты қайта қарауды сұраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 19 Мамыр, 2026
«Музей түні»: Ұлттық орталық музейге бір түнде 17 мың адам барды
Мәдени кеңістігімізде ширек ғасырға жуық көрерменге қуаныш сыйлап келе жатқан «Музей түні» акциясы Алматыдағы Ұлттық орталық музейде биыл ерекше форматта өрбіді. Мазмұны бай мәдени жоба алғаш қанат қаққан тағылым ордасы шаһар тұрғындары мен қонақтарына ұмытылмас мереке сыйлап, тарих пен дәстүр дәріптелген шараға 17 мыңнан астам көрермен қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 19 Мамыр, 2026
«Жасыл ел»: Алматы облысының жастары 100-ден астам көшет отырғызды
Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті. Оған еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 18 Мамыр, 2026
Ә.Қастеев музейіне бір түнде 15 мыңнан астам адам барды
16 мамыр күні Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Ұлттық өнер музейінде Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырылған «Музей түні» акциясы басталды. Акцияның алғашқы күні музейге 15 100 адам барып, мәдени іс-шараға айрықша қызығушылық танытты, деп хабарлайды Egemen.kz .
Алматы • 18 Мамыр, 2026
Алматының бірнеше ауданында жарық өшеді: Кесте қандай?
Алматыда 18-22 мамыр аралығында электр желілерінде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қаланың бірқатар көшелері мен шағынаудандарында электр қуаты уақытша шектелуі мүмкін, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 18 Мамыр, 2026
«Жұмыстың қарқыны сын көтермейді»: Нұрлыбек Нәлібаев Алматы-1 вокзалының реконструкциясын сынға алды
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Алматы-1» вокзалының былтыр наурыз айында басталған қайта жаңғырту барысын тексерді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құтқарушы • 18 Мамыр, 2026
Алматы тауларында жарақат алған шетелдік турист құтқарылды
Алматы тауларында құтқарушылар таудан өз бетінше түсе алмаған 36 жастағы Қытай азаматына көмекке келді. ТЖМ мәліметінше, шетелдік турист тізесін жарақаттап алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 18 Мамыр, 2026
Алматыда нан бағасы бекітілді: Бір бөлке нан қанша теңге тұрады?
Алматыда әлеуметтік маңызы бар нан бағасын тұрақтандыру мақсатында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «Алматынан» нан-тоқаш комбинаты арасында келісім жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 18 Мамыр, 2026
18 мамырға арналған валюта бағамы
18 мамыр бойынша Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Биыл Алматыға газбен жүретін 500 автобус пен электробус сатып алынады
Бүгін Алматыда автобус парктеріне қоғамдық көлікке қойылатын экологиялық талаптар түсіндірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2026
Алматылық дәрігерлер Италиядан келген туристің өмірін сақтап қалды
Қазақстанға турист ретінде келген Италия азаматы Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының дәрігерлеріне шынайы алғысын білдірді. Дәрігерлер оған шұғыл әрі күрделі ота жасап, өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматыда 5%-дық ипотека беріледі: Жастарға арналған бағдарламаның шарттары қандай?
Алматыда 1 маусымнан бастап жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй несиесін ұсынатын «Алматы Жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады. Құжат биылғы жылдың 1-15 маусым аралығында қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында соққыға жығылған жігіт қаза тапты: Күдіктілер қылмысты жасырмақ болған
Алматы облысы Боралдай кентінде табысқа байланысты туған жанжалдан кейін жас жігіт қаза тапқан. Марқұмның туыстары оның жұмыс орнында соққыға жығылғанын айтып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Мамыр, 2026
Алматы облысында қалдықтарды қайта өңдейтін 8 жаңа зауыт бой көтереді
Алматы облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласында жалпы құны 148,8 млрд теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасының басшысы Димаш Қожабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 14 Мамыр, 2026
7 балдық жер дүмпуіне арналған дайындық: Алматыда ауқымды сейсможаттығу өтті
Алматыда қала аумағын қамтыған ауқымды сейсможаттығу ұйымдастырылды. Төтенше жағдайлар қызметі 7 баллдық жер сілкінісі кезінде әрекет ету тәртібін пысықтады. Оқу-жаттығуға 1000-нан астам ТЖД қызметкері мен бірқатар арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 14 Мамыр, 2026
Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті
Алматы облысындағы көлік тізгіндеген жасөспірім 12 жастағы баланы қағып кетті. Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 14 Мамыр, 2026
New Vision Forum: Алматыда әлемдік деңгейдегі сарапшылар бас қосады
Алматы қаласында 11-13 маусым аралығында жыл сайынғы New Vision Forum халықаралық бизнес-форумы ұйымдастырылады. Ауқымды шара Орталық Азиядағы ірі іскерлік және технологиялық алаңдардың бірі саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.