Референдум • Бүгін, 10:00

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматының Наурызбай ауданында республикалық референдумға ғасыр жасаған тұрғын – Кәмилә Қосумаева қатысты. Биыл ол 101 жасқа толады.

101 жастағы Алматы тұрғыны референдумда дауыс берді

Жасына қарамастан, Кәмилә апа шөбересімен бірге сайлау учаскесіне келіп, дауыс беруге қатысты.

Шиеліде даңқты диқанның 9 келіні дауыс берді

Кәмилә Қосумаева Ұлы Отан соғысы жылдары ел игілігі үшін тер төккен буынның өкілі. Оның айтуынша, ол ел үшін маңызды оқиғалардың ешқайсысынан қалмауға тырысады.

«Мен әрдайым дауыс беруге келуге тырысамын. Әр адам қатысып, таңдау жасау керек деп есептеймін», деді ол.

Учаскеде ғасыр жасаған әженің келуі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Тұрғындар мен комиссия мүшелері оның үлгісі аға буынның елге деген құрметі мен жауапкершілігін көрсететінін атап өтті.

Қарағандыда үлгілі жұп референдумда таңдау жасады

Соңғы жаңалықтар

Ұлытау облысының әкімі дауыс берді

Референдум • Бүгін, 11:09