Фото: ашық дереккөз
«Алатау Жарық Компаниясы» өкілдерінің мәліметінше, мекенжайдың тізімге енгізілуі электр қуаты міндетті түрде өшіріледі дегенді білдірмейді. Мүмкіндігінше мамандар жөндеу жұмыстарын толық ажыратусыз жүргізуге тырысады.
Электр энергиясын беру тек техникалық тұрғыда тұтынушыларды резервтік желіге ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда ғана уақытша тоқтатылуы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындарға сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін жарықтың уақытша үзілуі ықтимал екенін ескеріп, жоспарларын алдын ала үйлестіру ұсынылады.
Айта кетейік, ақпан айының соңында Алматыда апта бойы жаппай электр жарығының өшуі тіркелген еді. Ол кезде жөндеу жұмыстары қаланың бірнеше ауданын қамтыған.