Тұрғындар келген қонақтармен бірге суретке түсіп, мұндай бейнелер іс-шараға мерекелік көңіл-күй сыйлағанын атап өтті. Қатысушылардың айтуынша, олар осылайша референдумды қолдап, тұрғындардың көңілін көтеріп, маңызды шешімдерді бірге қабылдау дәстүрін еске салуды мақсат еткен.
Олардың айтуынша, ертеден-ақ маңызды мәселені халық ақылдасып шешкен, сондықтан әр адамның атсалысуы үлкен мәнге ие.