м
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент: Қожа Ахмет Ясауидің мұрасын зерттеп, оны елімізде және шетелде кеңінен дәріптеуіміз керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 10 Сәуір, 2026
Тоқаев: Заңға бағыну мәдениетін түбегейлі орнықтыруымыз қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдар алдында сөйлеген сөзінде қоғамда заң үстемдігі мен тәртіп мәдениетін түбегейлі орнықтыру қажеттігін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент қазақстандық ғалымдарды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеп, кәсіби мереке қарсаңында ғылым саласында зор жетістікке жеткен және жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосқан ғалымдарды мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Тоқаев: Жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне «Әл-Фараби» ордені енгізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласының өкілдері үшін маңызды жаңалықты жария етті. Президент жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Құқықтық нигилизмге жол жоқ
Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі үдерістерде ғалымдар ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Өйткені олар өркениет құндылықтарын дәріптеп, санаткерлік және моральдық қасиеттерімен көпке үлгі көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде қолданбалы ғылымды дамыту бағытындағы жобалардың саны көбейіп келе жатқаны өте жақсы үрдіс екенін айтты. Әсіресе, университеттердің технологиялық даму орталығы ретінде қалыптасып жатқанын айрықша атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 10 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Ғылым экономика мен қоғамның сұранысына сай болуға тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде зерделі әрі зияткер ұрпақ тәрбиелеуге мемлекет те, ата-аналар да бірдей жауапты екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 10 Сәуір, 2026
Елорда тұрғыны отбасылық жағдайын сылтауратып, ақша жымқырған
Астана қаласы Байқоңыр ауданының прокуратурасы алаяқтық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Сәуір, 2026
Тозған жайылым, торыққан шаруа: Түйін қашан тарқатылады?
Үкімет Ауыл шаруашылығы министрлігі дайындаған «Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын» бекітті. Аталған құжат саланы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған нақты шараларды қамтиды. Оның ішінде жеңілдетілген несиелер беру, жайылым инфрақұрылымын дамыту, кадрлық әлеуетті нығайту және ветеринариялық қауіпсіздікті күшейту мәселелері қарастырылған. Кешенді жоспардың ел экономикасын көтеруге және мал шаруашылығын алға жылжытуға қаншалықты үлес қосатыны жөнінде Egemen.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевпен әңгімелесті.
Ипотека • 10 Сәуір, 2026
«Ұмай» мен «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады: Бастапқы жарна қанша?
«Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банк» Азия даму банкімен 90 млрд теңге көлемінде қарыз беру туралы келісімге қол қойды. Бұл қаражат «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары аясында тұрғын үй несиелерін беруге бағытталады. Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 10 Сәуір, 2026
Конго-Қырым қызбасы: Қауіпті вирустан қалай қорғануға болады?
Күн райы жылынғалы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының (КҚГҚ) табиғи ошағы саналатын еліміздің оңтүстік өңірлерінде қауіп күшейе түседі. Денсаулық сақтау министрлігі салдары ауыр дерт, көбіне кененің шағуы арқылы немесе оны жұқтырған жануарларға жанасу арқылы жұғатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2026
Әділет министрлігі арнайы науқан бастады: Қандай жағдайда шоттағы тыйым алынып тасталады?
Әділет министрлігі Республикалық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, 2026 жылғы 6-30 сәуір аралығында азаматтардың белгілі бір төлемдер түсетін шоттарындағы тыйымдарды алып тастауға бағытталған науқанды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бокс • 10 Сәуір, 2026
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы атанды
Бүгін Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан ерлер арасында Азия чемпионатының финалдық бәсекелері өтіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 10 Сәуір, 2026
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Ішкі істер министрлігі «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында арнайы белгіленбеген орындарға қоқыс төгу бойынша тексеріс жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 10 Сәуір, 2026
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, шағын гранттар байқауына өтінім қабылдау басталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 10 Сәуір, 2026
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Алматы қаласындағы Дүйсенов көшесінде орналасқан «Эмиль» кафесіне заңсыз салынған қосалқы нысан бұзылып жатыр деп жазады Egemen.kz.
Заң • 10 Сәуір, 2026
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Қазақстан азаматы аса ірі мөлшерде қаражат жымқырды деген күдікпен Грузиядан елге экстрадицияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 10 Сәуір, 2026
Ертіс өзенінде көктемгі мұз қозғалысы басталды. Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мұз массаларының жылжуына байланысты өзендегі су деңгейі тәулік бойы бақылауға алынған. Қазіргі уақытта ірі мұз кептелістері тіркелмеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2026
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиев жол талғамайтын Jeep көлігімен Каспий теңізінің жағалауына кірген, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 10 Сәуір, 2026
Тұрар мен Жүсіп – қос халықтың ортақ тұлғалары
Кеңес өкіметі қазақ және қырғыз халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындайтынын ресми декрет арқылы жариялап, осы арада нақты қадам жасады. Бұл жағдай, әрине, империя өміріндегі жағымды құбылыс еді. Сонымен қатар орталық үкімет бұл қадамға бара отырып, жергілікті ұлттық саяси басшылыққа толық сенім артудан қаймықты. Оның әрбір еркін де батыл қадамдарына сезіктене қарады. Мұндай ұстанымның астарында кедергі ретінде, біріншіден, шешім қабылдайтын орталық басшылықтағы қызметкерлер мен жергілікті халық арасындағы өркениеттік, діни-мәдени алшақтық жатса, екіншіден, туған жер, оның табиғи және адами ресурсын игеруде, пайдалануда өзара үйлеспейтін мүдделер қайшылығы да бар-тын.
Сұхбат • 10 Сәуір, 2026
Дүкен Мәсімханұлы: Шығыстану ғылымының стратегиялық маңызы зор
Биыл Р.Сүлeймeнов aтындaғы Шығыстaну институтының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бүгінде Ортaлық Aзия aймaғындaғы шығыстaну сaлaсының жeтeкшi ғылыми зeрттeу ортaлығынa aйнaлған институт алыс-жақын шетелдермен ынтымақтасып, ел тарихына қатысты құнды деректерді зерттеумен айналысып келеді. Осы орайда аталған институттың бас директоры, белгілі қытайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Дүкeн Мәсiмхaнұлымeн шығыстану ғылымының дамуы туралы әңгімелескен едік.
Технология • 09 Сәуір, 2026
Интернетсіз де ұшады: Болашақ офицерлер дронның көмегімен барлау жасайды
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында «Ұшқышсыз басқарылатын авиациялық жүйелер» бағыты іске қосылып, запастағы офицерлерді даярлау ауқымы кеңейтілді. Қазір бұл бағытта 35 студент білім алып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Әскер • 09 Сәуір, 2026
Енді Ұлттық ұлан сарбаздарының эмоциялық жағдайын жасанды интеллект бақылайды
Президенттің цифрландыруды дамыту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінде сынақ режимінде жасанды интеллектке негізделген жаңа бейнебақылау жүйесін іске қосылды. Бұл қадам сарбаздардың қауіпсіздігін күшейтуге және ішкі тәртіпті бақылауды жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Алматы • 09 Сәуір, 2026
Алматы әуежайы жолаушыларға үндеу жасады
Алматы халықаралық әуежайы жолаушыларға жаңа терминалдағы паспорттық бақылау аймағында техникалық жұмыстар басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Премьер-министр өрт қаупі жоғары кезеңде жедел әрекет етуді тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары барысында Төтенше жағдайларды жою жөніндегі республикалық жедел штабтың отырысын өткізіп, 2026 жылғы өрт қаупі жоғары кезеңге дайындықты күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Сәуір, 2026
Президент Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионы атануымен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • 09 Сәуір, 2026
Депутат теріс діни ағымдарға заңмен тыйым салуды талап етті
«Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Қазыбек Иса Бас прокурор Берік Асыловқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа деструктивті діни ағымдарға тыйым салу жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2026
Айыппұл туралы жалған хабарлама: Алаяқтар алдаудың жаңа түріне көшті
Қазіргі уақытта Қазақстанда интернет-алаяқтықтың жаңа түрі белсенді таралып жатыр. Құқық қорғау органдары азаматтарды сақ болуға және күмәнді хабарламаларға иланбауға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 09 Сәуір, 2026
Олжас Бектеновке Алакөлді дамытудың кешенді жоспары таныстырылды
Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған жобалардың жүзеге асу барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 09 Сәуір, 2026
Еліміздегі мұнай нысандарының қауіпсіздік деңгейі қандай?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов еліміздің мұнай нысандары Иран тарапынан жасалуы мүмкін шабуылдардан қаншалықты қорғалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.