Жас
Медицина • 21 Сәуір, 2025
Алматылық травматологтар кейуананы қайта аяғына тұрғызды
Жуырда Алматы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына жасы жүзге жеткен Мария әжей кенеттен түскен еді. Үйінде абайсызда құлап қалған кейуанаға жедел жәрдем қызметі дереу көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізгенде, сол жақ жамбасының сынғаны, нақтырақ айтқанда, сүйек бөліктерінің ығысуынан ауыр жарақат алғаны анықталған болатын, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 20 Сәуір, 2025
Қазақстанда «Жасыл» технологияларды өнеркәсіпке енгізу перспективалары талқыланды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Заң • 19 Сәуір, 2025
Қызылордада жасөспірімдер ашық сот отырысына қатысты
Қызылорда облысы Арал ауданында жергілікті тұрғын қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, тыныштықты бұзыпты, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға • 18 Сәуір, 2025
Жаңаөзенде бір топ жасөспірім оқушы мен әкесін ұрған
Оқиға 2025 жылдың 17 сәуірі күні кешкі уақытта зардап шеккен оқушының үйінің жанында болған. Баласына көмекке келген әкесіне де бұзақылар шабуыл жасап, ауыр дене жарақаттарын салған. Ер адам аяқ сүйегінің сынуы салдарынан ауруханаға түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Сәуір, 2025
Медиа мамандарын дайындайтын мектеп ашылды
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қолдауымен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты І Халықаралық көктемгі мектеп өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 17 Сәуір, 2025
Қор биржасындағы компаниялар юаньмен есеп айырысады
Қор нарығы қытай юаньмен интегарциялануды бастады. KASE басқарма төрағасының орынбасары Дана Аманжолованың айтуынша, бір эмитент, ол – Аграрлық кредит корпорациясы номиналдық құны юаньмен есептелетін облигацияларын шығара бастады. Жалпы алғанда, қызығушылық бар және ары қарай дамуға мүмкіндік те бар, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 17 Сәуір, 2025
Оқушылар Еуропалық білім бәйгесінде жоғары нәтиже көрсетті
Қазақстанның қыздар құрамасы Еуропалық математикалық олимпиадада (EGMO) үшінші жыл қатарынан дайындықтары жоғары екенін айғақтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2025
Ел тәуелсіздігін алғалы жастарды жұмыспен қамтуды үйлестіру үздіксіз жүргізіліп келеді. Осы мақсатта іске қосылған «Joltap» жобасы астаналықтардың жаңа салаларды меңгеруіне және табысын арттыруға көмектесіп жүр. Бүгінде ілкімді бастаманың игілігін көргендер 9 мыңнан асты.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2025
Қостанайда «Жас сарбаздар балы» өтті
Жеңістің 80 жылдығына орай, Бауыржан Момышұлы атындағы 5-ші мектеп ұжымы ұйымдастырған дәстүрлі би кеші биыл Жастар сарайында өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2025
Жас шахматшылар әлем чемпионатынан 6 алтын алды
Грекияның Иксия курорт ауданында 8-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Ертең мәресіне жететін жаһандық додада жас шахматшыларымыз 6 алтын, 1 қола жүлде олжалады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.
Оқиға • 16 Сәуір, 2025
Бейбіт күннің батырлары: Иванның игі ісі
Степногорск қаласындағы «Мақсат» колледжінің білім алушысы Иван Мизиннің ерлігін естіген ел тәнті болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 15 Сәуір, 2025
Талдықорғанда есірткі таратып жүрген бозбалалар ұсталды: олар 15 жылға сотталуы мүмкін
Талдықорғанда есірткі таратумен айналысқан жасөспірімдер қолға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2025
Бүгін «Күш лекциясы» жалпыреспубликалық жобасы басталды
Бүгін елімізде «Күш лекциясы» жалпыреспубликалық жобасы басталды. Оның алғашқы апробациясы Түркістан облысында өтуде. Атап айтқанда, Түркістан қаласындағы Farab кітапханасында қоғам мен жастарға арналған тың форматтағы «Күш лекциясы» сыннан өтті.
Үкімет • 15 Сәуір, 2025
Үкіметте өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды
Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 15 Сәуір, 2025
Олжас Бектенов екі өңірдегі өртке кінәлілерді анықтауды тапсырды
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Сәуір, 2025
Бектенов Chevron басшысымен мұнай саласының перспективаларын талқылады
Премьер-министр Олжас Бектенов Chevron компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Майкл Уиртпен мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 14 Сәуір, 2025
Жеңісті жақындатуға үлес қосқан қарияға құрмет көрсетілді
Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Президент Іс басқармасына қарасты «Қазқұрылысжүйесі» ұйымының басшылары тыл ардагері Аллаберген Ахметжановтың үйіне арнайылап ат басын тіреді. 90 жасқа толған ақсақалды мерейлі жасымен құттықтап, барша ұжымның атынан шағын сый-сияпат жасады, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2025
Қызылордада 22 ата-ана жауапкершілікке тартылды
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасының 2 күнінде 124 түрлі әкімшілік хаттама рәсімделіп, 4 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынған. Панасыз қалған 2 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізіліпті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 13 Сәуір, 2025
Жасөспірімдерге жан-жақты бақылау қажет
Көктем жасөспірімдердің түн мезгілдерінде үйге кіргісі келмей, кезбелік жасайтын қауіпті шағы.
Ғылым • 11 Сәуір, 2025
Астанада I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті
Еуразия ұлттық университетінде I Республикалық «Жас ғалым» форумы өтті, оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен 300-ден астам жас ғалымдар жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Алматыда ерекше қажеттіліктері бар жастарды қолдау күшейеді
Ерекше қажеттіліктері бар жастарды қоғамдық өмірге тарту маңызды. Олардың өмірден өз орнын табуына барынша жағдай жасалуы тиіс. Бұл туралы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Кеңесбай өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Сәуір, 2025
Жалдамалы тұрғын үй жобасына қатысушылар қалай баспаналы болды?
2019 жылы Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама аясында қатысушылар пәтерлерді сатып алу құқығынсыз, бірақ бастапқы жарна жинауға мүмкіндік беретін жеңілдетілген шарттармен жалға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 09 Сәуір, 2025
Шымкентте «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныбы ашылды
Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, бригада командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Бауыржан Шораевтың басшылығымен Шымкент қаласының №68 жалпы білім беретін мектебінде «Жас Бүркіт» әскери-патриоттық сыныбын ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2025
Алматыда жасөспірім қыз 18 қабаттан құлап, көз жұмды
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2025
Рудныйдағы балалар орталығынан қашып кеткен екі жасөспірім табылды
Кеше Рудный қаласындағы «Ерекше білім беру қажеттілігі бар отбасыларды қолдау орталығы» мекемесінен рұқсатсыз шығып кеткен 15,17 жастағы екі жасөспірім бүгін аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Үкіметте туристік саланы цифрландыру мәселесі қаралды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туризмнің бірыңғай цифрлық экожүйесін құрудың маңыздылығы айтылды. Аталған мәселе бойынша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 08 Сәуір, 2025
Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамытудың кешенді жоспары бекітілді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында туристік саланы дамыту және цифрландыру жөніндегі шаралар қаралды. Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту жөніндегі тапсырмасын орындауға көңіл бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Сәуір, 2025
ІІМ қазақстандықтарға ЖИ арқылы жасалатын алаяқтық туралы ескертті
Соңғы уақытта жасанды интеллект технологияларының дамуына байланысты алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін игеріп жатыр. Олар енді дауыс көшірмесін жасап, жалған видеолар құрастырып, таныс адамдардың бейнесін имитациялап, тіпті нейрожелілер арқылы жеке аккаунттарды бұзып кіре алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жетісу облысында жасөспірім 86 жастағы қарияны аяусыз ұрған
Желіде тағы бір жасөспірімнің қарт адамды соққыға жыққаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 07 Сәуір, 2025
Жасанды интеллектінің әлеуметтік-еңбек қатынастарына әсері талқыланды
Бүгін Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті. Кездесуге ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмади Сарбасов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы басшылығының өкілдері және салалық кәсіподақтардың төрағалары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.