Энергетика • Бүгін, 10:50

Қалдықтарды қайта өңдеу жобасы талқыланды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.  Онда «жасыл» энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалдықтарды қайта өңдеу жобасы талқыланды

Фотолар: primeminister.kz

«Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» – Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Үкімет

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.