
Бір апталық рейдтік іс-шара нәтижесінде 255 құқық бұзушылық анықталған. Кәмелетке толмағандарды заңды өкілдеріне ертпей, тұрғын жайдан тыста жүруіне жол бергені үшін 189 ата-анаға әкімшілік хаттама рәсімделіпті. Ал балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі өз міндеттерін орындамағаны үшін 16 ата-анаға қатысты әкімшілік шара көрілді. Сондай-ақ, жасөспірімдердің беймезгіл уақытта ойын-сауық орындарында жүруіне жол берген 3 кәсіпкер де жазасыз қалмады.
Қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Айдын Қайруллаев облыс орталығындағы ойын клубтарының бірінен 18-ге толмаған жасөспірім анықталғанын айтады. Полиция қызметкерлері оның ата-анасына арқылы тиісті хаттамалық рәсімдеу жұмыстарын жүргізген. Бұл жұмыстар одан әрі де жалғасын табады.