Жастар • Бүгін, 15:19

Шымкент жастары нашақорлыққа қарсы

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүние жүзінде 26 маусым  – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні ретінде атап өтіледі.  Бұл дата Қазақстан үшін де маңызды. Өйткені нашақорлық болашақ ұрпақтың тамырына балта шабумен бірдей. Осы орайда жуырда Шымкентте «Таза өмір – сенің таңдауың» атты мерекелік кеш өтті. Іс-шараны қалалық Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Осы жиында 26 мамыр мен 26 маусым аралығында өткен нашақорлыққа қарсы күрес айлығының қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент жастары нашақорлыққа қарсы

Бір ай бойы жауапты мекеме жастар арасында есірткі, лудомания, буллинг секілді зиянды әдеттердің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  Саламатты өмір салтын насихаттады. Осындай маңызды іс-шаралар ішінде танымдық кездесу, тақырыптық тренинг, көрме, флешмоб мен акциялар ұйымдастырылды.

Жиында  Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марлен Сламбеков, Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлықбек Мылтықов және қалалық Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова сөз сөйлеп, жастар арасында  саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталды. Өскелең ұрпақты денсаулыққа зиян келтіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, айлық шеңберінде белсенділік танытқан еріктілер мен жастар ұйымдарының өкілдері арнайы алғыс хаттармен, түрлі жүлделермен марапатталды.

Сондай-ақ кеште Шымкент қаласының Білім, Дене шынықтыру және спорт, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, құқық қорғау органдары көпшілік назарына тақырыпқа байланысты танымдық ақпараттар ұсынды.

 Шымкент

 

Соңғы жаңалықтар