
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде ұйымдастырылған осы іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосу мен жастар бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатын көздейді.
«Бүгінгі марафонға «Жасыл ел» жасағының 220 еріктісіне қала тазалығына бей-жай қарамайтын басқа да жастар келіп қосылды. Былтырдан бері тазалық акцияларына белсенді түрде қатысатын жастардың туған жерге деген жанашырлығы қуантса да, қала сыртына демалысқа келген тұрғындардың қоқыстарын шашып кететіні қынжылтады. Ересектер табиғатты бүлдірмеуді үйренгені абзал», дейді «Жасыл ел» жастар еңбек отрядтары және «Атамекен» студенттік отрядтар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұржан Шаңғытбаев.
Ақтөбе облысы.