П
Мектеп • 25 Маусым, 2025
Директорлардың жүктемесі заңмен реттелуі тиіс – Саурықов
Елімізде мектеп басшыларына қатысты әділетсіз тәжірибелердің көрінісі байқалады. Атап айтқанда, сабақтан тыс уақытта, яғни демалыс пен каникул кезіндегі оқушылардың құқықбұзушылықтары үшін оқу бөлімінің меңгерушілерін тәртіптік жазаға тарту, тіпті жұмыстан шығару жағдайлары жиілеп отыр. Осы мәселеге қатысты Премьер-Министр орынбасары Ермек Көшербаевтың атына Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары атынан Ерболат Саурықов сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Жастар бейбіт заманның қадірін түсінуге тиіс - Президент
Мемлекет басшысы XI «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында қазіргі құбылмалы, бұлыңғыр заманда біз осы тарихи ақиқатқа адал болып, зұлмат соғыстың қасіретті сабағын ұмытпауымыз қажет екендігін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Президент халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынын ашты
Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 25 Маусым, 2025
Депутат: жұмысшылардың мәртебесін сөзбен емес, іспен көтеру керек
Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков өзінің депутаттық сауалын Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаевқа жолдады. Ол қарапайым еңбек адамдарының мәртебесі мен жағдайы туралы мәселелерді қозғады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Маусым, 2025
Балабақша жүйесі түбегейлі реформаны қажет етеді - депутат
Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бірнеше өзекті мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, балабақша саласы заңнамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде қорғалмаған, бұл балалардың дамуына тікелей кері әсер етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 25 Маусым, 2025
Депутат жайылым тапшылығын шешуді ұсынды
«AMANAT» партиясының мүшесі, депутат Қайрат Балабиев Түркістан облысындағы жайылым тапшылығына қатысты мәселе көтеріп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғаринге депутаттық сауал жолдады. Депутат жайылым жетіспеушілігі ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп отырғанын атап өтіп, бұл түйткілді шешудің нақты тетіктерін ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Жеңіл өнеркәсіп саласында инвестициялық 9 жоба іске қосылады
Биыл 600-ге жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 9 жаңа инвестициялық жоба іске қосылады. Соңғы 5 жылда сала 3 мыңнан астам жұмыс орнын толықтырып, 40-тан астам жобаны жүзеге асырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Маусым, 2025
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсірді
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың басым бөлігі соттың үкіміне апелляциялық шағым түсірді. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 25 Маусым, 2025
Қарағандылық теннисші абсолютті чемпион атанды
Павлодарда Қазақстан Республикасының VI Жастар спорт ойындары өтті. Қарағандылық теннисші Алан Құрманғалиев үш алтын мен қола жүлде жеңіп алып, осы турнирдің абсолютті чемпионы атағына қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 25 Маусым, 2025
Қазақстан халықаралық капитал нарығына еурооблигацияларды орналастырды
Биыл 24 маусымда Қазақстан Республикасы халықаралық капитал нарығына 2,5 млрд. АҚШ долларындағы егеменді еурооблигацияларды орналастырды, оның ішінде: 7 жыл мерзімге 1,35 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5%; ал 12 жыл мерзімге 1,15 млрд АҚШ доллары сомасындағы транш, купондық мөлшерлемесі – 5,5%, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Маусым, 2025
Қарағандылық оқушылар халықаралық Абай оқуларында жеңімпаз атанды
«Абай оқулары» XXVI халықаралық шығармашылық байқауы ұлы ақынның 180 жылдығына арналған. Оған Қазақстан, Алтай өлкесі, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Қытай елінен оқушылар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Словения Президентін ұлттық мерекемен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Жер, Орман, Кәсіпкерлік, Бюджет, Су кодекстеріне өзгеріс енгізіледі
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
Мемлекет басшысына сот жүйесі қызметінің биылғы бес айдағы қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президенттің қолынан марапат алған журналистер белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Отандық журналистер әрдайым шығармашыл, жаңашыл әрі дамуға құштар - Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент журналистер қауымын алдағы Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күнімен құттықтап, ұлттық медиа – халықтың үні, ал журналист жасампаздық жаршысы екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Құтқарушылар балаларға ТЖ кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретеді
Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайларда әрекет етуге үйретуге бағытталған балалар лагерлерінде ауқымды оқыту іс-шараларын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 24 Маусым, 2025
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет еліміз бойынша ашық есік күнін өткізді
Бүгін, 24 маусым күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінде Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 24 Маусым, 2025
Отандық оқушылар Балқан олимпиадасында ел намысын қорғайды
24–29 маусым аралығында Солтүстік Македонияның Струга қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Балқан математика олимпиадасы (JBMO) өтеді. Аталған додаға 20-дан астам елдің өкілдері қатысады, олардың қатарында Қазақстаннан барған ұлттық құрама да бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Маусым, 2025
Трансплантация жасату үшін шетелге шығу азайды
Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде отандық трансплантация, яғни маңызды операциялар мен донорлықты дамыту мәселесі қозғалды. «А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ ғылыми-клиникалық және инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Шоқан Қаниев отандық трансплантологияның болашағы туралы төмендегідей жәйттермен бөлісті,деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Мемлекет басшысы Citi банк өкілімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент екіжақты кездесулер өткізді
Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Президент Одиль Рено-Бассомен пікір алмасты
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын талқылап, әлемдік экономиканың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
Шикізатты терең өңдеу бағытында батыл қадам жасалды
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында Қазақстанның шикізатты терең өңдеу және жаңа буындағы өнеркәсіптік өндіріс құру жолында батыл қадам жасағанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Маусым, 2025
2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жол жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында Қазақстанның көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту арқылы стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі мәртебесін нығайтуға баса мән беретінін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Маусым, 2025
Елімізде «Прокурорлық сүзгі» механизмі енгізілді
Қазақстанда инвесторлар құқығын қорғауға арналған арнайы «прокурорлық сүзгі» механизмі енгізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 24 Маусым, 2025
Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысы өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесі мемлекет пен оның халықаралық серіктестері арасындағы стратегиялық ықпалдастықтың сенімді платформасы ретінде алдағы уақытта да қызмет көрсете беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 24 Маусым, 2025
Павлодарда тәрбиеші балаларға қатыгездік көрсеткен
Павлодар қаласындағы №116 балабақшада тәрбиешінің екі жасар балаларға қатыгездік көрсеткені белгілі болды. Оқиға бейнебақылау камераларынан байқалған. Бұл туралы Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Шәкенова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 24 Маусым, 2025
Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скалада» білім алады
Қазақстандық опера өнерінің өкілі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді театрлардың бірі – Италиядағы атақты «Ла Скала» театрының академиясына тағылымдамадан өтуге қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Қызылордада 36 млн теңге жымқырған мектеп есепшісі сотталды
Жаңақорған ауданында мектептің бас есепшісі болған Абзал Сейдековке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Ол қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік мекеме қаржысын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.