Мәдениет • Бүгін, 12:15

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скалада» білім алады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық опера өнерінің өкілі Әйгерім Алтынбек әлемдегі ең беделді театрлардың бірі – Италиядағы атақты «Ла Скала» театрының академиясына тағылымдамадан өтуге қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скалада» білім алады

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, алдын ала бейнеіріктеу кезеңіне 400-ден астам үміткер қатысқан. Соның ішінен бар болғаны 12 үміткер таңдалған, сол үздіктердің қатарында Әйгерім Алтынбек те бар.

«Опера әншісі Әйгерім Алтынбек – көптеген халықаралық вокалдық байқаулардың лауреаты.
Ол танымал композитор Джакомо Пуччинидің 100 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық опера әншілері байқауында жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Италияның Модена қаласында өткен Николай Гяуров атындағы опера әншілерінің халықаралық байқауында үшінші орынды иеленді. Қазақстандық әнші атақты италиялық опера әншісі Мирелла Френидің арнайы сыйлығын алды. Әлемнің 470 қатысушысы қатысқан Рената Тебальди атындағы халықаралық вокал конкурсында өнерпаз екінші орынға ие болды», деп хабарлады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Әйгерім Алтынбек 25 маусымда әлемге әйгілі тенор Хосе Каррерастың концертінде де өнер көрсетеді. Кеш барысында әлемдік классикаға енген опера ариялары мен дуэттер орындалады.

Сондай-ақ 27–28 маусым күндері Италияның Неаполь қаласында өтетін Андреа Бочеллидің мерейтойлық концертіне қатысып, аты аңызға айналған тенормен бір сахнада ән шырқайды.

Бұл талантты әншінің кәсіби шеберлігі мен табандылығының нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің жас өнерпаздарды қолдауға бағытталған жүйелі саясатының жемісі.