Президент • Бүгін, 15:11

Мемлекет басшысы Citi банк өкілімен кездесті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Citi банктің клиенттермен жұмыс жөніндегі бас атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Citi банк өкілімен кездесті

Фотолар: Ақорда

Мемлекет басшысы аталған қаржы ұйымының 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесіне айналғанына назар аударды.

Президент Сiti банкті стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларға атсалысуы маңызды екенін айтты. Сондай-ақ оның шағын және орта бизнесті одан әрі қолдау жоспары Қазақстан экономикасын әртараптандыруға ықпал ететінін жеткізді.

Ақорда

Сонымен қатар, швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесуде жергілікті мазмұнды ұлғайту бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды, тау-кен металлургиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру жоспары талқыланды

Glencore «Қазцинк» тау-кен компаниясының акциялар пакетіне иелік етеді.  Компания құрамындағы кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.