Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Батыс Қазақстан облысында полицейлер құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын фитозертхананың қызметін анықтады. Күдікке ілінген екі жігіт ағайынды болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Зауытта үйінділерді аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Бүгін Өскемен қаласында орналасқан «Қазцинк» зауытында шаң сүзу цехындағы арнайы құрылғыда газ-ауа қоспасында жарылыс болған. Құтқарушылар келгенде қызыл жалын байқалған, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 05 Мамыр, 2026
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Мамыр, 2026
Депозит мөлшерлемесі артты: Қай банктер жоғары пайыз ұсынады?
Сәуірде базалық мөлшерлеме 18 пайыз деңгейінде қалғаннан кейін банктер біртіндеп депозит пайызын өсіре бастады. Осыған байланысты банктер жинақтық депозит пайызын көтерді, деп хабарлайды, Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Қытайда фейерверк зауытында жарылыс болды: 21 адам қаза тапты
Қытайдың Хунань провинциясы аумағындағы фейерверк зауытында болған жарылыс салдарынан 21 адам қаза тауып, 61 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 05 Мамыр, 2026
Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Олжас Бектенов жағдайды жеке бақылауына алды
Бүгін Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында жарылыс болып, өрт салдарынан 2 адам қаза тапты. Үкімет отырысында Премьер-министр зауыттағы жағдайды жеке бақылауына алатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Прокуратура қызметкерінің бейнесін пайдаланған дипфейк 240 мыңнан астам қаралым жинады
Бас прокуратура медиа-кеңістікте кеңінен таралып жатқан күмәнді бейнематериалдарға байланысты азаматтарды сақ болуға шақырды. Әсіресе, мемлекеттік орган атынан көмек ұсынатын жалған бейнематериалдардың көбеюі алаңдаушылық туғызып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 05 Мамыр, 2026
Металлургтер қаласындағы игі бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде бұқаралық спортты дамыту, әсіресе өскелең ұрпаққа спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруды стратегиялық міндет ретінде айқындап берді. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстың нәтижесінде бүгінде Қарағанды облысы, соның ішінде металлургтер қаласы – Теміртау заманауи спорттық экожүйенің орталығына айналды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асқан ауқымды жоба теміртаулық балаларға нағыз тарту болды.
Әдебиет • 05 Мамыр, 2026
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды
Қазақ әдебиетінің дамуына ықпал ету мақсатында жыл сайын өткізілетін «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 05 Мамыр, 2026
Жылумен қамтамасыз ету нысандарын жөндеу: Олжас Бектенов әкімдерге тапсырма берді
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жылумен қамтамасыз ету нысандарын алдағы жылу беру маусымына уақтылы дайындау қажет екенін айтты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Жеңіс күніне орай 3398 астаналыққа біржолғы төлем берілді
Елордада Жеңіс күніне орай 3398 адам әлеуметтік төлем алды. Бүгінгі таңда қаладағы жалғыз Ұлы Отан соғысы ардагеріне 5 млн теңге төленген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Алдағы қысқа дайындық: Электр энергиясын тұтыну 18,2 ГВт-қа жетеді
Үкімет отырысында «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов өткен күзгі-қысқы кезеңнің қорытындылары мен алдағы жылдарға дайындық барысын баяндап, саладағы негізгі көрсеткіштерді жария етті. Оның айтуынша, елдің электр энергетикалық жүйесіне түсетін жүктеме жылдан-жылға өсіп, тұтыну мен өндіріс көлемі тұрақты ұлғайып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
«Қазцинк» зауытындағы жарылыстан 2 адам қаза тапты
Өскемен қаласындағы «Қазцинк» зауытында болған жарылыс пен өрт салдарынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қанша қаржы жұмсалады?
Бүгін Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов алдағы жылыту маусымына дайындық барысы мен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны» жүзеге асыру туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
«Самұрық-Энерго» 111 жабдық пен 19,5 км жылу магистраліне жөндеу жүргізеді
Самұрық-Энерго 2026 жылы энергетикалық нысандарда кең көлемді жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 111 бірлік негізгі жабдық пен 19,5 шақырым жылу магистралін жаңартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыстан зардап шеккендер саны 9-ға жетті
Өскемен қаласында «Қазцинк» зауытында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 9-ға жетті. Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 05 Мамыр, 2026
Қазақстанда 5 жылу электр орталығы «қызыл» аймақтан шықты
Өткен жылыту маусымының қорытындысы бойынша елімізде сегіз жылу электр орталығы тәуекел аймағынан шықты. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Мамыр, 2026
Дрондар мен зымырандар соққысы: БАӘ толық әскери дайындыққа көшті
Кеше БАӘ-нің әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері Иран аумағынан ұшырылған 12 баллистикалық зымыранды, 3 қанатты зымыранды және 4 ұшқышсыз аппаратты жойған. Соның салдарынан үш адам орташа ауырлықтағы жарақат алған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Солтүстік Қазақстанда құтыру ауруы тіркелді: Өңірде карантин енгізілді
Солтүстік Қазақстан облысында індет ошағы анықталған ауылда шектеу шаралары енгізілді. Қауіпті ауру мал мен адам денсаулығына қатер төндіріп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Өскемендегі жарылыс: Төрт адам ауруханаға жеткізілді
«Қазцинк» аумағындағы жарылыс салдарынан төрт зардап шегуші ауруханаға жеткізілді. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды іздестіруді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 05 Мамыр, 2026
Кәсіпкерлерге қатысты қылмыстық істер саны 4 есе қысқарды
Бүгін Бас прокуратура мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 05 Мамыр, 2026
32 пәтер, 11 көлік сатып алған: Дәрілердің бағасын негізсіз көтерген топ ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстанда сирек кездесетін ауруға арналған препараттарды жеткізу кезінде бағаны қолдан көтеру және қаржы шығару схемасын анықтады. Келтірілген шығын 3,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz
Сауда • 05 Мамыр, 2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 13,2 млрд долларға жетті
Қазақстан 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қытаймен сауда көлемі жағынан Орталық Азия елдері арасында көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 05 Мамыр, 2026
Өңірлер қауіпсіздігі Алматыда талқыланды
«Орталық Азия – Оңтүстік Кавказ – Таяу Шығыс үштағанындағы қауіпсіздік, геосаясат және түркі интеграциясы». Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция осындай тақырып аясында ұйымдастырылды. Екі күнге созылған жиынға Әзербайжан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Грузия, Ресей және Ұлыбританиядан келген ғалымдар, сарапшылар мен талдау орталықтарының өкілдері қатысты.
Футбол • 05 Мамыр, 2026
Сенбі-жексенбі күндері өткен футболдан ел Премьер-лигасының 8-туры ойындары турнир кестесіне елеулі өзгерістер енгізді. Сегіз кездесуде барлығы 10 гол соғылып, көшбасшылар қатары айқындала түсті.
Оқиға • 05 Мамыр, 2026
Алматы әуежайын су басты: Мекеме басшылығына қандай шара қолданылады?
Алматы халықаралық әуежайының шатырын су басуына байланысты мекеме әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиғаға қатысты Көлік министрлігі мен құқық қорғау органдарының қатысуымен шұғыл кеңес өткізілді, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Мамыр, 2026
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
5 мамырда Астанада және еліміздің 17 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Алматы • 05 Мамыр, 2026
Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері 900-ден астам қару тәркіленгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, оның ішінде 74 қару қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 05 Мамыр, 2026
Астана мен Алматыда доллар қаншадан сатылып жатыр?
Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында шетел валютасына қатысты жаңа бағамдар ұсынылды. Нарықтағы өзгерістерге сай, доллар құны екі қалада да әртүрлі деңгейде қалыптасып отыр, деп жазады Egemen.kz.