
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Рим Папасын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды
Бүгін Рим қаласына Католик шіркеуінің өмірден өткен көшбасшысы Папа Францискті соңғы сапарға шығарып салу үшін 100-ден астам делегация келген. Жерлеу рәсімі сенбі күні таңертең өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 25 Сәуір, 2025
Үкіметте инвестициялық ахуал талқыланды
Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ Johnson&Johnson, Pfizer, AstraZeneca, Kazanada LLP, La Roche сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Олимпиадашыларға 5 мың мен 250 мың доллар аралығында сыйақы жіберілді
Қазақстан Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін ынталандыру мақсатында ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Көкшетауда жылу жүйесі жаңғыртылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Ақмола облысы, Көкшетау қаласындағы жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Президент Александер Чеферинді II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы кеңейеді
1 маусымнан бастап Біріккен Араб Әмірліктерінің жаңа «Air Arabia Abu Dhabi» әуе компаниясы Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына ресми түрде кіреді. Бұл компания Абу-Даби мен Алматы қалалары арасында тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Caspi Bitum зауытында битумның бірінші партиясы өндірілді
Ақтаудағы «Caspi Bitum» БК» ЖШС-да (ҚазМұнайГаз ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) жаңғырту жобасы аясында алғашқы маңызды нәтижеге қол жеткізілді. ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жаңғырту жұмыстары шеңберінде 740 тонна жол битумының бірінші партиясы өндіріліп, сапа паспорты алынды. Бұл жаңартылған өндірістік қуаттардың жұмысқа толық дайындығын көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 25 Сәуір, 2025
Астанада ер адамды көлік қағып кетті
Оқиға Достық көшесінде болған. Nissan маркалы автокөліктің жүргізушісі жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2025
Ақтөбеде қайтарылған қаржыға медициналық нысандар салынады
Ақтөбе облысында әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ел қазынасына қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен аймақтағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға 1,4 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 24 Сәуір, 2025
Биологиялық белсенді қоспалардың сапасына бақылау күшейтіледі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ел аумағындағы биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) айналымының сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау шараларын күшейтетінін мәлімдеді. Бұл қадам халықтың денсаулығын сақтау және тұтынушыларды сапасыз немесе қауіпті өнімдерден қорғау мақсатында қолға алынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.