
Зерде • 07 Ақпан, 2025
Ақкелінде мектеп ашқан «Сәкен ағай»
Баянауылдағы Шормановтар әулеті заманында халықты оқу-білімге жетелеп, қазақ жастарының білім алуына жағдай жасағаны, Омбыда «Қаржас ауылын» құрғаны бүгінде ел арасында аңыз болып сақталып қалған. Атақты дуанбасы, аға сұлтан Мұса Шормановтың тұңғышы Сәдуақас Шормановты ел-жұрты айрықша сыйлап, «Сәкен ағай», «Ағай» деп атап кеткенін көнекөз қариялар әлі күнге айтады.
Еңбек • 07 Ақпан, 2025
«Ертіс орманының» орманшылары қысы-жазы тынымсыз еңбек етеді. Ала жаздай орманды құлаған ағаштан тазартып, белгілер салу, табиғи байлықты өрттен қорғау, жас көшеттерді суару, тағысын тағы, бір бітпейтін шаруалардан босамаса, қыста тұяқты жануарлардың санағын жүргізіп, жемшөбін қамдайды.
Аймақтар • 07 Ақпан, 2025
Бірыңғай дизайн-код қашан жасалады?
Павлодардың дизайн-кодын әзірлеу 2022 жылы жоспарланғанымен, ол тұста билік мемлекеттік сатып алудан бас тартқан еді. Қала келбетінің негізгі қағидаларын жүзеге асыратын құжат әлі күнге қабылданбай отыр.
Құқық • 06 Ақпан, 2025
Жазығы – өзін-өзі қорғағаны ма?
Павлодардағы «Гоголь» түнгі клубының жанында абайсызда болған кісі өліміне қатысты соттың үкімі жергілікті қоғамның пікірін екіге жарып тұр. Айыпты деп танылған 21 жастағы азамат өз өмірін қорғау үшін төбелесуге мәжбүр болған. Алайда сот оны кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2025
Павлодар облысына жұмыс сапарымен Парламент Сенатының депутаттары келді. Сенаторлар өңірдің индустриалды нысандарын аралап, кәсіптік мамандарды даярлайтын оқу орындарында болды.
Экология • 04 Ақпан, 2025
Қоқысты сұрыптағанның ұтары көп
Ертіс-Баян өңіріндегі еңбек ұйымдарында қоқысты сұрыптап жинау әдісі енгізіледі. Содан соң қоқысты тұрмыстық жағдайда сұрыптауға көңіл бөлінбекші. Есесіне тұрғындар коммуналдық қызметке аз төлеуі мүмкін.
Туризм • 31 Қаңтар, 2025
Баянның шың-құздарын таспалаған
Таисия Наумова Баянауылдың тау-тасын үнемі мақтан тұтып жүретін жан. Өзі түсірген бейнежазбаларды әлеуметтік желіде бөлісіп, былайғы жұрт сол арқылы көрікті өлке жайында көп мәліметті көкейлеріне түйеді. Ол жүктейтін бейнероликтер қарапайым болғанымен, шынайылығының нәтижесінде мыңдаған жанның жүрегін жаулады.
Шаруашылық • 30 Қаңтар, 2025
Биыл Павлодар облысындағы егіс алқаптары 53 мың гектарға ұлғаяды. Егін шаруашылығын қолдауға бюджеттен 4,1 млрд теңге субсидия қарастырылған. Ертіс-Баян өңірінде егін өсірумен мыңнан аса шаруашылық айналысады. Олардың егіс алаңдары биыл 1 669,7 мың гектарға жетеді деген жоспар бар.
Жәдігер • 23 Қаңтар, 2025
Қазақстанда неолит кезеңіне ежелгі қыш ыдыстар ең алғаш Павлодар жерінен табылғанын екінің бірі біле бермес. Потанин атындағы өңірлік тарихи-өлкетану музейінде қыш құмыралардың бай коллекциясы сақталған.
Жәдігер • 22 Қаңтар, 2025
Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде ХІХ ғасырда Германия жерінде шығарылған көне үтік сақталып тұр.