
Төтенше жағдай • 09 Қазан, 2024
6 қазан күні Қарағанды облысының аумағында басталған өрт Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кетті. Тілсіз жау Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағына кірген. 18 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Баянауылда дала өрті шығып, бір ауылдың адамдары қауіпсіз жерге көшірілді
Өрт Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кеткен. Қазіргі уақытта 18 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Павлодар облысында 505 мыңнан астам азамат өз таңдауын жасайды
АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда Павлодар облысынан 505 673 адам дауыс беру құқығына ие. Оларға 520 референдум учаскесі қызмет көрсетеді.
Ұстаз • 05 Қазан, 2024
Уақыт көші ұзаған сайын ұлттық тәрбие мен білім беретін мектептің жүгі де ауырлай түскен. Осы бір биік үдеден шығуды мақсат еткен керекулік дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның ел аузында аты мақтаулы, беретін білім-тәрбиесі құнарлы.
Өнер • 04 Қазан, 2024
Керекуде Халық суретшісі Нағымбек Нұрмұхаммедовтің 100 жылдығына арналған халықаралық пленэр өтті. Кәсіби суретшілер мен өнертанушыларды, шығармашыл жастарды біріктірген мәдени іс-шара классикалық және заманауи өнер үдерістерін қолдаудың бірегей платформасы ретінде танылды.
Аймақтар • 02 Қазан, 2024
Павлодар облысында тұрғын үйлерді жылуға қосу жұмыстары тәмамдалып қалды. Қазірде Ақсу қаласындағы барлық тұрғын үй жылуға қосылған. Ал Павлодар мен Екібастұздағы іс-шаралар бір-екі күнде аяқталуы тиіс.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2024
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейіне Жүсіпбек Аймауытұлының үлкен ұлы Бектұр Аймауытовтан қалған жәдігерлер тапсырылды. Ұлының тұяғы кеңес өкіметінің солақай саясатынан өмір бойы Азия елдеріне шығарылмай, «халық жауының баласы» деген жаламен 10 жылын Ресей түрмелерінде өткізген.
Театр • 28 Қыркүйек, 2024
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» «Ертіс-Баян» І республикалық театр фестивалінде жеңімпаз атанды. Режиссер Дәурен Серғазиннің «Күйеу бала» спектаклі ұлттық драматургия саласында жаңа бір буынның қалыптасып келе жатқанын аңғартты. Қойылымды көріп отырып, бір жылап, бір күлдік.
Мәселе • 27 Қыркүйек, 2024
Өңір билігінің қазіргі уайымы – тұрғындар мен бюджеттік ұйымдарды көмірмен уақтылы қамтамасыз ету. Жеке үйлерді жылытуға алдағы қысқа 326 мың тонна отын қажет. Көмірмен қамтуға қатысты барлық өңір бірдей белсенді жұмыс жүргізіп жатқан жоқ. Мәселен, Ақсу қаласының теміржол тұйығында көмір табылмай тұр.
Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2024
Павлодарда «Алтын сақа» қосымша білім орталығы ашылды. Жалпы саны 18 мың баланы қамтуға арналған ұйымда IT-студия, роботтехника үйірмелері, шығармашылық, спорттық және музыкалық бағыттағы секциялар жұмыс істейді.