Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, оқиға бүгін кешкілік болған.
- Павлодар қаласының жедел жәрдем қызметіне шақыру сағат 20.35-те түсті. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шұғыл жетті. Өкінішке қарай, медицина қызметкерлері баланың құлаған жерде қайтыс болғанын тіркеді, - делінген ақпаратта.
Бала 2021 жылы туған, үйдің үшінші қабатынан құлаған.
Өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова аталған қайғылы оқиға бойынша материал полицияда тіркелгенін жеткізді. Бұл – жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша облыста екінші тіркелген оқиға.
Павлодар облысы