Заң • Бүгін, 19:42

Павлодарда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматы ұсталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҰҚК Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар күдікпен тағы екі азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Павлодар облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған шетел азаматын ұстады.

– Сонымен қатар, заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға қатысы бар күдікпен екі азамат қолға түсті. Аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады департаменттен.

Шекара қызметі тергеу мүддесіне байланысты, өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Шекара қызметінің мамандары Мемлекеттік шекараны бұзуға және оны ұйымдастыруға ұмтылған азаматтар заң алдында қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.