Аймақтар • 11 Маусым, 2025
Шу ауданында цифрлық бақылау жүйесі іске қосылды
Елімізде су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әсіресе, суармалы егіншілікке тәуелді өңірлер үшін бұл мәселенің мәні зор. Осы бағытта жасалған нақты қадамдардың бірі – Жамбыл облысы Шу ауданында жүзеге асырылған су есепке алу және бақылауды автоматтандыруға арналған қанатқақты жоба, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 11 Маусым, 2025
Ұлттық статистика бюросы цифрланып келеді
Елімізде ұлттық статистиканы цифрлық трансформациялау үдерісі жаңа кезеңге аяқ басты. Жуырда Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінде өткен кеңесте статистикалық қызметті заманауи технологиялармен жаңғыртуға бағытталған нақты қадамдар талқыланды. Реформаның басты мақсаты – мәліметтерді жинау мен өңдеудің тиімділігін арттырып, сапалы әрі қолжетімді статистикалық ақпарат ұсыну арқылы мемлекеттік басқару моделін ашық әрі нәтижелі ету, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 11 Маусым, 2025
Елімізде орта білікті мамандарға сұраныс жоғары
Биылғы жылдың мамыр айында еліміздің электрондық еңбек биржасы – Enbek.kz порталы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасындағы аралық көпір ретіндегі қызметін белсенді түрде жалғастырды. Алайда өткен аймен салыстырғанда нарықтың тынысы сәл бәсең тартқандай, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 10 Маусым, 2025
АҚШ-та Трампқа қарсы жаппай наразылықтар өтіп жатыр
АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында Дональд Трамп әкімшілігінің заңсыз мигранттарға қатысты әрекеттеріне қарсы бағытталған жаппай наразылық шерулері өтті, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 10 Маусым, 2025
Ақтауда контейнерлік хаб іске қосылды
Ақтауда Мемлекет басшысының 2023 жылғы қыркүйекте берген тапсырмасына сәйкес бой көтерген контейнерлік хаб мерзімінен бұрын іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 10 Маусым, 2025
Еңбек заңнамасын бұзған кәсіпорындар жауапкершілікке тартылды
Биылғы жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес мемлекеттік еңбек инспекторлары еліміздегі 85 кәсіпорында жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады. Аталған кәсіпорындар 2 мыңнан астам қызметкерге 814 миллион теңгеден астам еңбекақыны уақтылы төлемеген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Digital • 21 Мамыр, 2025
Геологиялық ақпараттар цифрланып келеді
Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға қатысты мәліметтерді цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл бастама жер қойнауын барлау мен игеруде ашықтықты арттырып, инвестициялық тартымдылықты күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 20 Мамыр, 2025
Пандемияға қарсы тарихи келісім қабылданды
Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) 78-ші ассамблеясында пандемияға қарсы алғашқы халықаралық келісім қабылданды. Бұл шешім – COVID-19 індетінен кейінгі үш жылға созылған келіссөздердің нәтижесі, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
Қытайда шенеуніктерге сән-салтанаттан бас тарту бұйырылды
Қытай Коммунистік партиясы мемлекеттік аппараттағы ысырапшылдықпен күресті күшейту мақсатында жаңа тәртіп енгізді. Енді қызметтік кездесулерде қымбат ішімдіктер, темекі өнімдері мен сәнді тағамдар ұсынуға тыйым салынады. Сонымен қатар, ресми қонақтарды әуежайға шығарып салу, жиындарда гүлмен әсемдеу секілді салтанатты рәсімдер де қысқартылады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 20 Мамыр, 2025
АҚШ-та анайы контентке тосқауыл қойылды
АҚШ президенті Дональд Трамп ғаламтор кеңістігінде рұқсатсыз жарияланған интимдік мазмұндағы фотосуреттер мен бейнематериалдарға, сондай-ақ жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейктерге тыйым салатын жаңа заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz.