Футбол • Кеше

«Арсенал» мен «Қайрат» матчының билет бағасы белгілі болды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондондық «Арсенал» мен алматылық «Қайрат» арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 8-тур ойынына билеттердің бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арсенал» мен «Қайрат» матчының билет бағасы белгілі болды

Матч 2026 жылдың 29 қаңтарына қараған түні «Эмирейтс» аренасында өтеді. «Канонирлер» билеттердің құнын 44,80–84 фунт стерлинг (30–50 мың теңге шамасында) аралығында белгіледі.

Айта кетсек, бұған дейін Миланда өткен «Қайрат» пен «Интер» арасындағы ойында ең арзан билет небәрі 5 еуро (3100 теңге) болған еді. Сондай-ақ 8, 10, 14 еуро тұратын орындар да болған. Ең қымбат билет 349 еуроға (217 мың теңге) сатылған.

Ал Алматыдағы Чемпиондар лигасы ойындарына билеттердің бағасы 30 мың теңгеден бастап, 250 мың теңгеге дейін жеткен. Мұндай баға саясаты «Қайраттың» өз алаңындағы «Реал» және «Пафосқа» қарсы кездесулерінде қолданылған.

Еске сала кетсек, тұңғыш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Қайрат» төрт ойын өткізді: португалдық «Спортингке» (1:4) және мадридтік «Реалға» (0:5) жол берді, кипрлік «Пафоспен» (0:0) тең түсіп, «Интерге» (1:2) есе жіберді. Қазір команда турнир кестесінде 34-орында, қоржынында – 1 ұпай.