Президент • Бүгін, 09:49

«Әлемдік космонавтиканың алтын бесігі»: Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтты

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары қарсаңында «Российская газета» басылымына «Мәңгілік достық – халықтарымыз үшін жарқын жол» атты мақаласы жарияланды. Онда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Байқоңыр ғарыш айлағының стратегиялық маңызын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Әлемдік космонавтиканың алтын бесігі»: Тоқаев Байқоңыр ғарыш айлағы туралы айтты

Коллаж: kursiv.media

«Қазақстан мен Ресей үшін биылғы жыл айтулы мерейтойлық шаралармен есте қалды. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – халықтарымыздың тарихындағы ең ұлы оқиғалардың бірі.

Белгілі болғандай, әр бесінші қазақстандық майданға аттанды, олардың шамамен жартысы шайқас алаңында қаза тапты. Миллиондаған азаматтарымыз – кәрі де, жас та тылда аянбай еңбек етті. Майданда қаза тапқан жауынгерлердің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында жанкешті еңбек етіп жүрген Қазақстан, Ресей және басқа да елдердің ерікті іздеушілеріне шын жүректен алғысымды білдіремін», деді Президент.

Сонымен қатар жеңіс мерейтойына орай Астанада ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған әскери шеру өткенін, еліміздің түкпір-түкпірінде әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігіне арналған жүздеген естелік іс-шара ұйымдастырылғанын тілге тиек етті.

«Біздің елдерімізді біріктіретін тағы бір маңызды белес – аңызға айналған Байқоңыр ғарыш айлағының 70 жылдық мерейтойы. Бұл кешен әлемдік космонавтиканың бесігі әрі адамзат ақыл-ойының ұлылығын айғақтайтын нышан болып саналады. Ондаған жылдар бойы Байқоңыр екі мемлекеттің стратегиялық әріптестігінің берік дәнекері ретінде ғылыми-техникалық прогресті және болашаққа ұмтылысты бейнелеп келеді», деп жазады Мемлекет басшысы.