Абзал МАҚАШ
Абзал МАҚАШ«Egemen Qazaqstan»
1461 материал табылды

Спорт • 03 Шілде, 2025

Азия додасында жеңіске жеткен каратэшілер сыйақы алды

Биыл Ташкентте өткен Азия чемпионатында Ұлттық құрама каратэшілері 4 алтын, 1 күміс, 5 қола медальмен жалпы есепте 1-орын алып, тарихи жетістік көрсеткені мәлім. Сол Азия додасында жеңіске жеткендерге Қазақстан каратэ федерациясының президенті Евгений Пактың шешімімен арнайы сыйақы табысталды, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2025

Депутаттар Түркістан облысының шаруаларымен жүздесті

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Қайрат Балабиев, Ұласбек Сәдібеков, Нұрсұлтан Байтілесов, Темір Қырықбаев бүгін Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданының шалғай елді мекендерінде ашылған жаңа шаруашылық кешендерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент • 03 Шілде, 2025

Мәжіліс депутаты Көкшетауда салынып жатқан оңалту орталығына барды

Мемлекет басшысының тапсырмасы мен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Көкшетау қаласында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған 150 орындық заманауи оңалту орталығы салынып жатыр. «Сарыарқа» шағынауданында орналасқан, жалпы аумағы 12 мың шаршы метрден асатын орталыққа бүгін құрылыс барысын бақылау үшін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Наталья Дементьева барды, деп жазады Egemen.kz.

Спорт • 03 Шілде, 2025

Елордада ерекше боулинг турнирі өтті

Елорда күніне орай «Мүгедек жастар қоғамы» боулингтен қалалық турнир өткізді. «Экстрабилити-2025» деп аталатын бұл жарыстың ережесі бұрынғыдан өзгеше болды, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 03 Шілде, 2025

Степногорскінің жылу желілеріне реконструкция жасалады

Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жүйелі жүргізіліп жатыр. Үкімет қаулысымен Ақмола облысына қарасты Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялау үшін резервтен шамамен 2,7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 03 Шілде, 2025

Хамит Ерғалиев ауылына қауіпсіз өткел керек

Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ақжол» демократиялық партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысына жұмыс сапары аясында Исатай ауданына қарасты Хамит Ерғалиев ауылы тұрғындарымен жүздесті. Кездесудегі ең өзекті мәселе «Атырау-Астрахань» автожолы бойындағы жаңадан салынған көпір туралы болды, деп жазады Egemen.kz.

Мәдениет • 03 Шілде, 2025

Домбыра күніне орай 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылады

2018 жылы Президенттің бастамасымен бекітілген Ұлттық Домбыра күні жыл сайын шілде айының алғашқы жексенбісінде атап өтілетіні мәлім. Биыл бұл мереке 6 шілдеде тойланады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 03 Шілде, 2025

Жетісу облысында каналдар жаңғыртылып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше аталған облыста Ислам Даму Банкінің қолдауымен 2 жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.   

Қазақстан • 03 Шілде, 2025

Отандық өндірушілерге ұлттық режим беріледі

Биыл 1 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында мемлекеттік сатып алулар мақсатында тауарлардың шыққан елін анықтау қағидаларына 11-қосымшасын алты жаңа тауар позициясымен – медициналық және химиялық бұйымдармен толықтыру туралы шешім мақұлданды. Бұл шешім – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) тауарлары ретінде танылатын өнімдер тізбесін кеңейтуге және тиісінше, Одақтың барлық мүше мемлекеттерінің аумағында мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде оларға ұлттық режим беру мақсатында қабылданды. Бұл тауарлар шыққан елін растайтын СТ-1 сертификаты болған жағдайда ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 02 Шілде, 2025

Кеншілер қауіпсіздігі – басты назарда

Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Арман Қалықов, Үнзила Шапақ, Құдайберген Бексұлтанов, Бауыржан Смағұлов және Тілектес Адамбеков жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, «Киров» шахтасының еңбек ұжымымен кездесті, деп жазады Egemen.kz.