Фото: ашық дереккөз
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап үш жыл мерзімге Қырғызстан азаматы Таалатбек Масадыков ҰҚШҰ бас хатшысы қызметіне кіріседі. Ол – халықаралық қатынастар саласының маманы, тәжірибелі дипломат, университет деңгейінде дәріс берген, сондай-ақ әкімшілік басқару және менеджмент бағыттарында жұмыс істеген білікті сарапшы.
Бұл шешім Иманғали Тасмағамбетовтің бас хатшы ретіндегі өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қабылданды. Саммитке қатысқан мемлекет басшылары ұйымдағы қызметі үшін Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді.