Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы қаза тапқан жандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жантүршігерлік қылмысты қатаң айыптап, еліміздің атынан осы қиын сәтте Аустралия халқына сабыр тілейтінін жеткізді.
Айта кетейік, 14 желтоқсан 2025 жылы Сидней қаласында Бонди-Бич жағажайында еврей халқының діни мерекесі Хануканы атап өту кезінде қарулы шабуыл болды. Шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, тағы 27-29 адам жарақат алды, олардың арасында екі полиция қызметкері мен бір бала бар. Оқиға террористік акт ретінде бағаланды.