Қоғам • Бүгін, 15:45

Дастан Сәтпаев «Копенгагенге» қарсы матчта сары қағазды әдейі алған

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Чемпиондар лигасы аясында өткен «Копенгагенге» қарсы матчта сары қағаз алып, келесі ойынға қатысу құқығынан айырылды. Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтиннің айтуынша, бұл – әдейі жасалған тактикалық қадам, деп жазады Egemen.kz

Дастан Сәтпаев «Копенгагенге» қарсы матчта сары қағазды әдейі алған

«Бұл – менің шешімім. Мен Дастаннан әдейі сары қағаз алуды сұрадым. Ол бұған дейінгі ойындарда екі рет сары қағаз алған еді. Сондықтан бұл тактикалық шешім болды. Енді ол денсаулығына көңіл бөліп, емделеді және келесі ойынға қатыспайды. Есесіне, қалған екі ойынға еш алаңсыз дайындалады», деді Уразбахтин.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев кеше «Копенгаген» қақпасынан саңылау тапты және Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде гол соққан алғашқы қазақ футболшысы атанды. Сонымен қатар ол ЧЛ тарихында гол салған (17 жас, 110 күн) ең жас ойыншылардың үштігіне кірді. Бұған дейін мұндай атаққа Ансу Фати (17 жас, 40 күн) мен Ламин Ямаль (17 жас, 68 күн) қол жеткізген еді.

Сырт алаңда өткен кездесу 2:3 есебімен «Копенгаген» жеңісімен аяқталды. «Қайрат» сапынан Олжас Байбек те бұл ойында мергендігімен көзге түсті.