
Аймақтар • 26 Маусым, 2025
Фурманов каналы 40 жылдан кейін алғаш рет тазартылды
Жамбыл облысында Фурманов айналма каналы 40 жылдан кейін алғаш рет механикалық әдіспен тазартылып жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігі аталған жобаны Түркістан облысының Созақ ауданына Шу өзенінің суын тиімді жеткізу мақсатында қолға алған, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 25 Маусым, 2025
Марсқа ұмтылған зерттеуші қыздар
Олар бар болғаны он алтыда. Бірақ жасаған жобалары – ғылымдағы үлкен талпыныс.Талдықорғандағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары Сәния Шоқан мен Еңлік Маман шағын барлау роботын жасап, халықаралық байқауда топ жарды. Өз қолымен құрастырған құрылғы Марстағы үңгірлер мен лавалық арналарды анықтауға арналған. Бұл – жас өнертапқыштардың ғылым мен техникаға деген батыл қадамы ғана емес, ел болашағының алтын сәулесі.
Мектеп • 25 Маусым, 2025
Директорлардың жүктемесі заңмен реттелуі тиіс – Саурықов
Елімізде мектеп басшыларына қатысты әділетсіз тәжірибелердің көрінісі байқалады. Атап айтқанда, сабақтан тыс уақытта, яғни демалыс пен каникул кезіндегі оқушылардың құқықбұзушылықтары үшін оқу бөлімінің меңгерушілерін тәртіптік жазаға тарту, тіпті жұмыстан шығару жағдайлары жиілеп отыр. Осы мәселеге қатысты Премьер-Министр орынбасары Ермек Көшербаевтың атына Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары атынан Ерболат Саурықов сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 25 Маусым, 2025
Балабақша жүйесі түбегейлі реформаны қажет етеді - депутат
Мәжіліс депутаты Ажар Сағындықова еліміздегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты бірнеше өзекті мәселені көтеріп, Оқу-ағарту министріне депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, балабақша саласы заңнамалық тұрғыдан жеткілікті деңгейде қорғалмаған, бұл балалардың дамуына тікелей кері әсер етіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 24 Маусым, 2025
Ауыл емханасы кадрмен толығып жатыр
Адам жанының арашашысы саналатын дәрігер мамандығы – қай кезде де қадірлі, қай заманда да жауапкершілігі зор. Әсіресе, шалғайдағы ауылдарға білікті маман тарту – кезек күттірмейтін маңызды міндет. Соңғы жылдары елімізде осы бағытта жүйелі жұмыс атқарылып, нақты нәтижелер көріне бастады, деп жазады Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 24 Маусым, 2025
Фемида немесе сот ісінің соқпағы
Әңгімені әлімсақтан бастасақ, адамзат ақыл-ойының аламанында грек жұртының алған бәйгесі аз емес. Олай болатын себебі Сократ, Аристотель, Платон секілді саңлақ санаткерлерінің санасын қалыптастырған мифологиялық түсінік біздің дәуірде де маңызын жоғалтқан жоқ. Жаһанға жарық сыйлаушы алапатты Аполлон, сұлулық пірі айдидарлы Афина, ұсталардың жебеушісі Гефест сынды сан мыңдаған кейіпкерлер адам бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттердің адамданған бейнесі. Соның ішінде әділет медеткері Фемиданың болмысы бөлек. Оның бір қолында таразы, екінші қолында қылыш тұрады, ал көзі әр кез байлаулы. Онысы ешкімге бұра тартпайтын турашылдығының, ешкімге тұра шаппайтын тұрақтылығының айғағы. Бұл күнде Фемиданың бейнесі бүгінгі сот жүйесінің, жалпы құқықтық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналды. Әсіресе, оның тәуелсіз еліміздің төрелік залдарында орын тепкеніне де отыз жылдан асты. Осы уақыт аралығында мемлекетіміздің сот жүйесі біршама өзгерісті бастан өткеріп, дамудың жаңа белесіне көтерілді.
Заң мен Тәртіп • 23 Маусым, 2025
Құқық қорғау органдарына кешенді талдау жүргізіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді. Онда Президент қызмет бабында қаза тапқан полицейлердің ерлігін ел есінде қалдыру үшін олардың есімін мекемелік наградалар мен құқық қорғау мекемелеріне, көше атауларына беру мәселесін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
Таным • 23 Маусым, 2025
Хаттағы жазудан гөрі, ондағы бос орынның айтпағы зор. Жапон каллиграфиясында сия тимеген аумақ та ерекше мәнге ие. Жапон дейміз-ау, бүтін дүниенің пәлсапасы осыған саяды ғой. Ондай болмаса, айтылған сөзден гөрі, көмейіңді қаппай, ішіңде өліп кете барған сөздің салмағы неге ауыр? Жүрілмеген жолдың төте, жазылмаған жырдың ұлы көрінетінін қайда қоямыз? Асылында жоқтықтың да барға бергісіз хикметі жетерлік.
Аймақтар • 23 Маусым, 2025
Ақсу қаласы дауылдан кейін қалпына келтіріліп жатыр
19 маусым күні Павлодар облысының Ақсу қаласында соққан күшті дауылдан кейін қаланы қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 23 Маусым, 2025
Бүгін - Қазақстан полициясы күні
Елімізде 23 маусым Полиция күні деп бекітілген. Бұл күн 2007 жылдан бері аталып өтеді, деп жазады Egemen.kz.