
Қылмыс • 01 Шілде, 2025
Астанада мектеп басшысы 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған
Елордадағы №81 «Astana English School» халықаралық мектебінің мектеп директорына және бас есепшісіне ірі көлемде бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айып тағылып отыр, деп жазады Egemen.kz. Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Өндіріс • 27 Маусым, 2025
Мемлекет кәсіпорынның шығынын өтеп береді
Кәсіпорын шығындарын өтеу – отандық өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бір тетігі. Бұл бағытта елімізде нақты қолдау тетіктері іске асып жатыр. Соның бірі – QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы жүзеге асырып жатқан мемлекеттік ынталандыру шаралары. Аталған бағдарлама кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруына, жаңа технологияларды енгізуіне, технологиялық жабдық сатып алуына және өнімдерін ішкі нарықта ілгерілетуіне қажет шығындарының бір бөлігін өтеуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Sergek жүйесі дрондарға орнатылады
Іздеуде жүрген көліктерді анықтау ісінде енді полицияға ұшқышсыз ұшу аппараттары көмекке келеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Маусым, 2025
Студенттерге 23 жатақхана пайдалануға беріледі
Былтыр 11 мың орынға арналған 40 жатақхана ашылды. Ал биыл 10,5 мың орындық 23 нысан студенттерге қолжетімді болмақ. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz
Еңбек • 26 Маусым, 2025
Еңбек мобильділігіне арналған республикалық форум басталды
Маңғыстау облысында «Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру» тақырыбында тұңғыш рет республикалық деңгейдегі кең ауқымды форум өтіп жатыр. Бұл бастама жайында Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрбол Долдашев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 26 Маусым, 2025
Жастар қаржылық қауіпсіздікке әзілмен үн қосты
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен ерекше форматтағы әлеуметтік маңызы бар шара өтті. «Жайдарман» алаңында ұйымдастырылған маусымдық арнайы ойын «Заңды күлкі» атауымен көрерменге жол тартты. Бұл жолы жай ғана көңіл көтеру емес, қоғамда өзекті болып тұрған мәселелерге әзіл арқылы ой тастау көзделді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 26 Маусым, 2025
Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді
Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек Қызылорда облысындағы мұнай-газ өндіруші компаниялармен кеңес өткізді. Кеңесте өңірдің газ қорларын игеру, өндірісті ұлғайту және энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосу бағытында бірқатар нақты мәселелер қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Маусым, 2025
Қостанай облысында бес айда 1800 пәтер пайдалануға берілді
Қостанай облысының құрылыс саласы айрықша серпінмен дамып келеді. Өңір әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік жиынында мәлім етілгендей, жыл басынан бері жүргізілген құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 75,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артық көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 26 Маусым, 2025
Мемлекеттік сыйлыққа іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі жарияланды
2025 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия отырысының қорытындысы бойынша алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар бойынша ақпарат белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Digital • 26 Маусым, 2025
Енді телефон сәйкестігін тексеру қызметі нарыққа ашық болады
Елімізде телефон құрылғыларын верификациялау қызметін бірнеше жеке компания атқаратын болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Досжан Мұсалиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.