Қымбат ТОҚТАМҰРАТ
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ«Egemen Qazaqstan»
27 материал табылды

Экономика • 16 Шілде, 2021

Жеке кәсіпкерлікті жабу жолы жеңіл

Елімізде жеке кәсібін ашып, бизнес ашуға қызығушылық танытып жүргендер қатары көбейіп келеді. Кейбіреулер жеке кәсібін дөңгелеткісі келгенімен, оны ашу жолдарын білмейді. Ал ашқан кәсібін тоқтату туралы шешімге келгендер кәсіпкерлікті қалай жабатынынан хабарсыз. Ендеше, Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті мамандарының осы мәселе төңірегіндегі ақыл-кеңесіне назар салыңыз.

Қаржы • 15 Шілде, 2021

«Күлтегінді» қабылдамаған жауапкершілік арқалайды

Осыдан сегіз жыл бұрын 1000 теңгелік «Күлтегін» банкноты естелік ретінде шығарылған еді. Бірақ оны сатып алушылар банкнотты төлемнің бір түрі ретінде де пайдалануға тиіс болатын. Алайда соңғы кезде Қазақстанның Ұлттық банкіне бұл купюраны дүкендерге өткізе алмаған азаматтар жиі хабарласатын болған.

Экология • 02 Шілде, 2021

Қалдықтар да кәдеге асады

Қыбын тапса, күнделікті тастайтын тұрмыстық қатты қалдықтарды да кәдеге жаратып, одан пайдалы заттар жасауға болады. Әлемде жыл сайын 2 млрд түрмыстық қалдық шығарылса, Қазақстанда шамамен 5 млн тонна қоқыс тасталады екен. Эколог-мамандардың пікірінше, жылына шығарылатын қоқысты қайта өңдеу арқылы 500 мың тоннаға жуық қағаз бен картон, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмасса алуға болады екен. Дүние жүзі мемлекеттері қатты қалдықтардан қайталама шикізат өңдеуге ерекше мән беріп отырғаны сондықтан.

Коронавирус • 02 Шілде, 2021

Елорда сауығар емес

Бас қалада карантиннің күшейтілуіне қарамастан коронавирус жұқтырғандардың қатары күрт өсті. Маусымның соңғы тәулігінде сырқаттанушылардың саны 800-ден асты. Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты карантин үшінші мәрте күшейтілген жайы бар.

Қазақстан • 17 Маусым, 2021

Кәсіптің көзін тапқандар көбейіп келеді

Бизнес ашқысы келетіндерге көмек көрсетіп, кәсіпкерлікке баулитын «Бастау Бизнес» жобасына биыл бес жыл толып отыр. Жобаның басты мақсат-міндеті қаншалықты орындалды, бүгінге дейін неше адамды кәсіпкер етіп шығарды? Бұл жөнінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов газетімізге берген сұхбатында айтып берді.

Қазақстан • 16 Маусым, 2021

Мұқтаж жандардың несібесіне ортақтасқандар «Нұрлы жер» бағдарламасынан да байқалды

Баспанаға мұқтаж азаматтарды үймен қамту үшін мемлекет бір­талай бағдарламаны жүзеге асырып жатыр: «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «Шаңырақ», «7-20-25», «Бас­пана-хит», «5-10-20»... Бұл бағ­дар­ламаларға құйылып жатқан қаражат та қомақты. Мысалы, былтыр тек «5-10-20» бағдарламасына 390 млрд теңге бағытталса, «Бас­пана-хит» бойынша – 431 млрд теңге, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру үшін 309 млрд теңге займ алынған.

Аймақтар • 17 Ақпан, 2021

Жүрісі жеңіл, «жолы ауыр» LRT

Ұзақ жылдан бері дау-дамай болып келе жатқан атышулы «Астана LRT» жобасы туралы естімеген адам елімізде жоқ шығар, сірә. Тіпті балабақша балдырғандарының өзі елорданы суреттегенде осы құрылыстың қаңырап тұрған бетон қаңқасын салатын болыпты. Балақайлар қайдан білсін, негізі бұл ғажайып жоба болуға тиіс екенін, бірақ биліктегі «ағалары» оған бөлінген қаржыны жеп қойып, «ертегі» ерте аяқталғанын...

Яндекс.Метрика