
Әдебиет • 07 Наурыз, 2025
«Қайран да менің боз дөңiм...»
«Көзімнен жаңбыр жауғанын,Сездің бе, туған тауларым.Баурыңа жетіп лауладым...Қызарып күндей батқалы,Өзіңе келдім жатқалы...». Бұл – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, тағдырлы ақын Төлеужан Ысмайыловтың «Абыралымен арыздасу» атты өлеңінен үзінді. Ол небәрі қырық жасында өмірден озды, өзі суреттегендей, туған тауларына көз жасын жаңбырша төгіп, қызарып барып батқан күндей мәңгілік мекеніне жол тартып кете барды.
Руханият • 26 Ақпан, 2025
Оны Құдай дүние-мүкамалға кенде қылмады. Бала-шағасы бар, бау-шарбағы, бәрі-бәрі түгел. Солай бола тұра көзі де, көңілі де аш. Зарлайды да жүреді. Аузынан шығатын ең көп сөз – «жоқ, жоқ». Алыс-беріске сараң. Қанағат деген қасиетті ұғым санасында туа бітті болмаған сияқты. Бірақ, жастау кезінде жөні түзу адам еді... Соңғы кездері қатты өзгерді, теріс жағына. Мұны құртқан – кім ұйымдастыратыны белгісіз тәрізді көрінгенімен негіз қалаушы нәпсі деген құдірет екенін көпшілік үштей түйсінетін дүниежарыс атты «чемпионат». Бұл біріншіліктің қатысушылары да белгілі-белгісіз, сондықтан жеңімпаз анықтала қоймайды, демек ешкім де марапатталмайды. Сонда да қатысушылар саны өте көп, қисапсыз. Осы миллиардтардың ішінде бұл да жүр.
Ең қысқа әңгіме • 05 Ақпан, 2025
– Оу, Қалақайға не болған? Бұрынғы қалпынан ауытқып, шіреніп, кердеңдеп, талтаңдап, шалқайып, маңызданып, маңғазданып, бәлсініп, кесапаттана қалыпты...
Ең қысқа әңгіме • 01 Ақпан, 2025
Түтілген мақтадай жұқа ақ бұлт батысқа қарай еңкейіп бара жатқан күн көзін жапты. Ұлы алаудың көл-көсір нұры көмескіленді. Көк жүзі көгіс тартты...
Тәрбие • 30 Қаңтар, 2025
Үй ішіндегі екеу. Әке мен бала.«Ей, жалған дүние-ай!» деді жас жігіт даусын көтере сөйлеп, әлдебір әңгіме бастағысы келген сыңай таныта.
Мирас • 29 Қаңтар, 2025
Айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?!» деп күрсіне бастаушы еді кешегі үлкендер. Иә, олар – соғысты, аштықты, соның зардапты салдарлары жоқшылық, жетімдік пен жесірлікті көрді. Бейнет кешті, қашты, тығылды, жалтақ-жалтақ күн кешті. Сондықтан да олардың айтар әңгімесін «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастауға моралдық тұрғыда толық қақылары бар еді. Солар сияқты біз де кейде әңгімемізді «Е-ее, біз не көрмедік?» деп бастап кеткіміз келіп тұрады.
Ең қысқа әңгіме • 23 Қаңтар, 2025
Естірту – есті дәстүр, ерек ғұрып
Қазақтың қай салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын алып қарасаңыз да тәнті болмасқа лажыңыз жоқ. Ұлтымыздың осынау ұлағатты құндылықтарында терең мағына, тәрбиелік мән-мәніс, өмір қағидаларына темірқазық боларлық қасиет тұнып тұр ғой, тұнып тұр. Әттең-ай, әттең, осы байлығымыздың мейілінше мұртын бұзбай тұтынар ел қайда? Мұның басым бөлігі мына өзгермелі, жүйткіген әлемнің жасық та жылтырақ, жарнамасы жаналқымнан алған дүниесымақтарының тасасында еленбей қалып бара жатқандай.
Кино • 22 Қаңтар, 2025
Тұлғалар туралы телехикая түсірілді
Келесі жылы ғасырлық мерейтойы аталып өтетін Қазақ театрының тарихы халықтық байырғы шығармалардың сахналануымен және осы жұмыстың бастауында тұрған тұлғалар есімімен тікелей байланысты. Бұл тұлғалардың ішінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди, Жұмат Шанин, Евгений Брусиловский, Мұқан Төлебаев бастаған қайраткерлер бар. Олар халқымыздың ежелгі әдеби шығармаларын театр өнерімен шебер ұштастырып, опера, пьеса, спектакль, симфония ретінде жарық көруіне өлшеусіз үлес қосты, ұлттық өнерге үлкен олжа салды.
Ең қысқа әңгіме • 22 Қаңтар, 2025
Ол өзінің бүгінгі тіршілігіне көңіл толмаушылығын білдірді: «Егер мектептегі мұғалімдерім жақсы болғанда мен өстіп қолыма күрек ұстап қара жұмыс істеп жүрер ме едім... Түк үйретпеді, бәрі шетінен дым білмейтін. Солардың кесірінен міне жүрісіміз осы».
Ең қысқа әңгіме • 21 Қаңтар, 2025
Сол жылы әлдебір себеппен Бетпаққа көшпейтін болдық. Жаз жайлауымыз – Қаратаудың бір пұшпағы Қарақұр қойнауының орта тұсындағы Көкбұлақ аумағы болып белгіленген. Кеңшар басшылығы әкемнің өтінішін ескере келіп солай шешіпті... Мамырдың соңғы аптасынан бастап шопандар жаппай Бетпаққа көш түзеді. Мыңғырған малдың аузы мен тұяғынан төл қоралар маңы жылан жалағандай болған соң жұрттың бәрі қоныс аударуға құмбыл. Біз де Көкбұлаққа көшеміз деп етек-жеңімізді жинай бастағанымызда әкем Байдалы: Бала-шаға тауының етегіндегі Жарма тұмаға екі-үш апта аялдаймыз, қозылардың аяқтанғанын күтеміз», деді.