Инфрақұрылым • 30 Қыркүйек, 2025
Мәртөк ауданының үш елдімекеніне газ құбыры тартылды
Мәртөк ауданының Қызылжар ауылдық округіне қарасты үш елдімекеніне газ құбыры тартылды. Осылайша Бөрте, Қызылжар, Шевченко ауылдарының тұрғындары жылдағыдай көмір, тамызық сатып алу бейнетінен арылды. Жалпы ұзындығы 74 шақырым болатын көгілдір отын құбырын тартумен «Ерзат» өндірістік кооперативі айналысты. Осы жобаға жергілікті бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінген еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 28 Қыркүйек, 2025
Қайтарылған қаражат есебінен бірнеше емдеу мекемесі ашылды
Ақтөбе облысында қайтарылған қаражат есебінен салынып жатқан 11 емдеу мекемесінің үшеуі пайдалануға берілді. Олардың қатарында Байғанин, Мұғалжар, Ырғыз аудандарындағы үш дәрігерлік амбулатория бар. Сондай-ақ Алға ауданының Маржанбұлақ ауылындағы емдеу мекемесінің құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 22 Қыркүйек, 2025
Ақтөбе облысында Мөңке бидің 350 жылдығы атап өтілді
Ақтөбеде тарихи тұлға, қазақ хандығы дәуірінің ірі өкілі, көреген би, өз заманының ойшылы Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына арналған кең көлемде іс-шаралар өтті. Тахауи Ахтанов атындағы облыстық театр сахнасында «Мөңке би» тарихи драмасы сахналанды. Облыс орталығының іргесіндегі Ақшат елдімекенінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыс өтіп, ат бәйгесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде 208 жаяу жүргінші жол ережесін бұзған
Ақтөбе облысы Полиция департаменті «Құқықтық тәртіп» републикалық жедел-профилактикалық іс-шаралар аясында өткен рейд қорытындысын жариялады. Қылмыстардың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 12-14 қыркүйек аралығында күшейтілген режимде жұмыс істеген тәртіп сақшылары 64 қылмысты тіркеп, іздеуде жүрген 2 қылмыскерді ұстады және заңсыз есірткі және суық қару сақтаған 50 тұрғынды жауапқа тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2025
Ақтөбеде «Жас бүркіт» клубының мүшелері марапатталды
Ақтөбеде өткен «Айбын» XI халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып жүлделі орын иеленген Ұлттық ұлан әскерінің «Жас бүркіт» клубының тәрбиеленушілері марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйене отырып.
Құрылыс • 29 Тамыз, 2025
ERG «Хромтау» жел электр стансасының құрылысын аяқтады
Ақтөбе облысында еліміздегі ең ірі «жасыл» энергетика жобаларының бірі – қуаты 150 мегаватт болатын «Хромтау» жел электр стансасының қосылу рәсімі өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында он екі ауыл жабылуы мүмкін
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында оқушылар санының аздығына байланысты 12 ауыл мектебін (9 орта, 3 негізгі) оңтайландыру жоспарланып отыр. Мектептердің жабылуы 12 ауылдың келешегіне де қауіп төндіреді. Оның үстіне, осы елдімекендер Ресей Федерациясының Орынбор облысының шекара шебінен 30–40 шақырым қашықтықта орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында алты мектеп пайдалануға беріледі
Биылғы оқу жылында Ақтөбе облысының мектептеріне 19 мыңнан астам бала 1-сыныпқа келеді деп жоспарланса, шілденің соңына дейін 15 170 (78,7 %)-нің құжаттары қабылданыпты. Сондай-ақ оқу жылы қарсаңында пайдалануға берілетін алты жаңа мектептің төртеуі «Келешек мектептері», екеуі жекеменшік білім беру ұйымы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 25 Шілде, 2025
Бас санитар дәрігер мен оның сыбайластары сотталды
Сыбайлас жемқорлыққа жол берген Ақтөбе қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев пен осы мекеменің бас маманы Жанғабаев және облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қазмұханбетовке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 22 Шілде, 2025
Ақтөбеде мотокөліктер мен мопедтерге тексеріс жүргізілді
Шілде айында Ақтөбе облысында мотокөлік және мопед жүргізушілеріне қатысты рейдтік тексерістер кезінде 200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталған, деп жазады Egemen.kz.