Осыдан кейін Ұлттық банктің қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлері ретінде таныстырған бірнеше белгісіз адам хабарласып, «ақша қаражатын алаяқтардан сақтау үшін «айна несие» рәсімдеуді ұсынады. Жәбірленуші сол жерде бірнеше банктен несие рәсімдеп, автокөлігін кепілге қойып, қаскөйлер көрсеткен шотқа 20 миллион теңгеден астам қаражат аудаған. Алданғанын кеш білген әйел полиция департаментіне шағымданды.
Қазіргі уақытта алаяқтық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаменті мемлекеттік органдар, банктер және коммуналдық мекемелерқызметкерлері WhatsApp не телефон арқылы хабарласып СМС-кодтарды сұрамайтындарын,телефон арқылы несие рәсімдеуді ұсынбайтындарын ескертеді. Белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған жағдайда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға жүгіну қажет.
Алаяқтардың айласы өзгерді: Енді ақшаны «курьер» болып алып кетеді