Аймақтар • Бүгін, 09:33

Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Байғанин және Мәртөк аудандарында жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды, сондай-ақ Хромтау ауданында күрделі жөндеуден өткен өрт сөндіру бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты рәсімде Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құтқарушыларға жаңа көлік құралдарының кілттерін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысындағы бірқатар ауданда жаңа өрт сөндіру бөлімдері ашылды

Аумағы үлкен, елді мекендері бір-бірінен өте қашық орналасқан Байғанин ауданында заманауи өрт сөндіру бөлімінің ашылуын тұрғындар ерекше қуанышпен қабылдады. Осы кезге дейін өрт сөндірушілер 1968 жылы салынған ескі ғимаратта жұмыс істеп келген болатын. Ал, жаңа кешенде көліктерге арналған гараж, диспетчерлер бөлмесі, асхана, оқу-даярлық сыныптары, газ-түтіннен қорғау бекеті, спорт залы, футбол және workout алаңдары орналасқан. Ашылу рәсімінде байғаниндік құтқарушыларға жедел-құтқару көліктері мен мамандандырылған жүк-жолаушы көлігі табысталды.

Баянауыл ұлттық паркіне жаңа өрт сөндіру техникалары берілді

4

Тарбағатайда жаңа өрт сөндіру бекеті ашылады

Мәртөк ауданының орталығы Мәртөк ауылындағы  жаңа ғимарат шамамен 30 мың тұрғыны бар 13 ауылдық округ пен 32 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жаңа кешенде өрт сөндіру, құтқару техникасына арналған бокстар, диспетчерлік жүйе, газ-түтіннен қорғау қызметі, қойма, демалыс бөлмесі және спортзал бар.

Өрт сөндіру бекеттерінің саны артты

Соңғы жаңалықтар