Чемпионатта турнирдің үздік ойыншысының есімі де белгілі болды. Жүзден жүйрік шыққан талантты өрендердің арасынан жетісулық спортшы Шыңғысбек Руслан үздік ойыншы атанса, түркістандық Анарбай Айдос үздік мерген деп танылды.
Жүлделі орындарды иеленгендер еліміздің Ұлттық құрамасы қатарында көктемде Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатының іріктеу кезеңіне қатыспақшы.