Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
570 материал табылды

Еңбек • 14 Ақпан, 2025

Су жинақтаушының сыры

Қыс ортасында таң алагеуімде де қараңғылық басып тұратын Қобданың көшелерінде ауыл итінің анда-мұнда еріне, есіней үргені болмаса, өзге қыбыр еткен дыбыс естілмейді. Ай жарығы сығырайған, табиғат маужыраған күйдегі әдемі тыныштықты бір сәтте қарды сықырлай басқан адам аяғының дыбысы бұзады. Санаулы секунд ішінде көше қиылысынан қолшамның жарығы түсіп, қалың тонды, саптама етігімен қарды нығырлай басқан, иығына асып алған сөмкесі бар зор денелі кісі жақындайды. Ол шеткі көшені кесіп өтіп, қырға беттеп барады. Бағыты – үш шақырым жердегі су айдайтын мекеме.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2025

Әлия Молдағұлованың музейі қайта жасақталды

Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың  Ақтөбе қаласындағы мемориалдық музейіне күрделі жөндеу жүргізіліп, экспозициялары   сандық жүйеде қайта жасақталды. Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 12 Ақпан, 2025

Қобдада цифрлық тәрбие платформасы іске қосылды

Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы  Талғат Әбен   оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін «Біртұтас тәрбие»  цифрлық платформасын іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2025

ERG әлеуметтік жобаларға басымдық береді

Хромтау қаласында заманауи сахна, цифрлық фильм көрсету жүйесі, шығармашылық үйірмелерге арналған бірнеше кабинеті бар 400 орындық мәдени-демалыс орталығы ашылды. Нысан Eurasian Resources Group (ERG) пен Ақтөбе облысы әкімдігінің арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум аясында салынды.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2025

Хромтауда мәдениет орталығы ашылды

Хромтау  қаласында  400 орындық жаңа мәдениет орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Аймақтар • 06 Ақпан, 2025

«Мейірімнен» тараған ізгілік

2017 жылы Ақтөбе қаласының іргесіндегі Кірпішті елді мекенінде жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мейірім» әлеу­мет­­тік бейімдеу орталығы ашылды. Бүгінде орталықта 16-29 жас ара­лы­ғын­дағы 45 жас тұрады. Үш гектар аумақта екіқабатты төрт таунхаус, әкім­шілік ғимараты, жазғы спорт алаңы, үйірмелер мен шеберхана орна­­лас­қан.

Байқау • 05 Ақпан, 2025

Қалдықты кәдеге жаратады

Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте «Тұрмыстық қал­дықтарға екінші өмір сыйла» атты байқау өтті. Оған облыс орталығындағы елу екі мек­теп­тің 8-11 сыныптарынан 90 оқушы қатысып, қалдықтардан жа­саған бұйымдарын көрмеге қойды.

Маман • 23 Қаңтар, 2025

Сұранысқа ие мамандық

Жұмысшы мамандық­тары жылына орай, кәсіби білім беру жүйесін жетіл­діру, еңбек жағдай­ларын жақсарту, әлеумет­тік кепілдіктерді нығай­ту, жұмысшы мамандық­тарын жаңарту, адал еңбектің мән-маңызын кеңінен насихаттау жұмыстары Ақтөбе облысында да жан-жақты қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.

Мектеп • 23 Қаңтар, 2025

Теміркөпірдегі жаңа білім ұясы

Мұғалжар ауданы Еңбек ауыл­дық округіне қарасты Те­­міркөпір ауылында 60 орын­дық жаңа мектеп пайда­лануға берілді. Оның құрылыс жұмыстарына 680 млн теңге жұмсалды. Жаңа білім оша­ғы жайлы әрі заманауи та­лап­тарға сай салынған. То­лық жабдықталған химия, биология, физика, көркем ең­бек пәндері кабинеттері, кең де жайлы спортзалы мен асханасы бар. Мектеп ауласындағы жаңа спорт алаңында бірнеше спорт тү­рі­мен шұғылдануға болады.

Аймақтар • 21 Қаңтар, 2025

Мұғалім айшықтаған мұз мүсін

Шалқар қаласындағы Оқушылар сарайы қолөнер үйірме­сінің жетекшісі Асылан Төретаев аудан орталығындағы Жұбановтар көшесі бойынан биіктігі – 3, диаметрі 2,5 метр жылан мүсінін тұрғызды.