Марапат • Бүгін, 12:53

Ақтөбеде металлургтер ұлықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Металлургтер күніне орай салтанатты шаралар өтіп жатыр. Еліміздің индустриялық әлеуетін нығайтып, тұрақты дамуына серпін беріп отырған металлургтердің кәсіби мерекесіне орай бірнеше еңбек озаты мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде металлургтер ұлықталды

Өңір басшысы Асхат Шахаров «Қазхром» ТҰК» АҚ бас директоры Сергей Прокопьевке –«Құрмет» ордені, «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-і экскаватор машинисі Марат Сақтаевқа және «Ақтөбе рельс-арқалық зауытының» автокөлік жүргізушісі Серік Сүлейменовке «Ерен еңбегі үшін»  медалін табыстады.

«Мемлекет басшысы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек деген үндеу тастап, биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы жыл аясында жұмысшы мамандығының қоғамдағы беделін арттыру, еңбек адамына лайықты құрмет көрсету және кәсіби шеберлікті дамыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бүгін біз еліміздің өнеркәсіптік қуатын арттырып, экономикалық тұрақтылыққа зор үлес қосып жүрген сала мамандарын құрметтеу үшін жиналдық. Табысталатын марапат — еңбек адамына деген құрметтің нақты көрінісі»,  деді ол.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 18 мыңнан астам адам еңбек ететін  сегіз ірі тау-кен кәсіпорны бар. Олардың  арасында «Қазхром» трансұлттық компаниясы, «Восход Ориел», «Ақтөбе мыс компаниясы» және «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» компанияларының  өнімдері әлемдік нарықта жоғары сұранысқа ие. Күні кеше Ақтөбе ферроқорытпа зауытында бір пеште 177 тоннадан астам жоғары көміртекті феррохром өндіріліп, әлемдік рекорд жаңартылды. Бұл жетістік WORLD BOOK OF RECORDS тізіміне енгізіліп, халықаралық деңгейде мойындалды.

Ақтөбе облысы