
Экономика • 05 Қараша, 2024
Абай облысындағы ауқымды бастамалар
Аймақтың жыл санап экономикалық-әлеуметтік әлеуеті нығайып келеді. Оған жаңа технология мен инновацияларды енгізу, инфрақұрылымды жақсарту, инвестиция тарту себеп. Биыл өңір бюджетіне 294,9 млрд теңге салық пен басқа да міндетті төлемдер кірген. Оның ішінде республикалық бюджет 197,1 млрд теңге, жергілікті бюджет 97,8 млрд теңгеге ұлғайған. Облыс бюджетінің көлемі – 480,8 млрд теңге. Сондай-ақ сала бойынша қаржыландырудың өсу қарқыны өткен жылдағыдай өзгеріссіз қалды.
Қаржы • 01 Қараша, 2024
Жеке тұлғаларға берілген несие мөлшерлемесі 21,6%-ға өсті. Орташа мөлшерлеме қыркүйектің аяғына дейін 20,2% болған. Бұл туралы Ұлттық банктің «Қазақстанның банк секторы мен екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеуі» туралы дерегінде жазылған.
Экономика • 01 Қараша, 2024
Экожүйенің күшеюі экономиканы жақсартады
Халық тарапынан онлайн қаржылық қызметтерге сұраныс артып жатқандықтан, банктер цифрлық платформаларға инвестиция салуға мәжбүр. Сарапшылардың айтуынша, алдағы үш жылда отандық банктердің IT-ге жұмсайтын ақшасы қазіргі 8-10%-дан 15-17%-ға дейін көбеймек. Бұл туралы «Standard & Poor's» (S&P) агенттігінің Орталық Азия мен Кавказдағы бөлшек банкингтің цифрландырылуына қатысты шолуында жазылған.
Қаржы • 25 Қазан, 2024
Қаржы сегменті: Алдымызда алтыншы кезең тұр
Қаржы нарығы бүгінде бұрын-соңды болмаған мүмкіндік пен инновациялық серпіліс кезеңін бастан өткеріп жатыр. Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, жасыл экономикаға бағытталған инвестиция мен нарықтың жаһандық интеграциясы – осының бәрі қаржы әлемінде болашаққа жол ашады. Өзгерістер толқынында икемділік танытып, жаңашыл шешімдер қабылдаған мемлекеттердің үлкен табысқа қол жеткізу мүмкіндігі де зор.
Экономика • 23 Қазан, 2024
Экономиканы тежейтін факторлар
Экономика тұрақты дамып, инфляция біртіндеп төмендеп келеді. Ішкі жалпы өнім өсімі келер жылы 5%-ға жетпек. Бұған мұнай өндіру көлемінің өсуі тікелей әсер етпек. Бұл туралы Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) еліміздегі миссиясы мәлімдеді.
Өндіріс • 19 Қазан, 2024
Май өндірісінің мүмкіндігі мен машақаты
Кәдімгі өсімдік майы қара мұнайдан да қастерлі болуы мүмкін бе? «Expert Market Research» компаниясы жақында жариялаған есебінде өсімдік майын сату мұнайға қарағанда әлдеқайда тиімді болуы мүмкін деп тұжырымдады. Былтыр жаһандық өсімдік майы нарығының құны 219 млн тоннаға жеткен. Ал жылдық өсу қарқыны 2032 жылға дейін 3,1%-ды құрауы мүмкін. Бірақ тап осы бағыттың біздегі даму қарқыны көңіл көншітпейді. Экспортты былай қойып, ішкі нарықты қамтудың өзі мұң.
Мәселе • 17 Қазан, 2024
Алтыннан арылу табыс па, тәуекел ме?
Алтын-валюта резервіндегі алтын үлесі 3%-ға төмендеді. Бұл жағдайда әр мемлекет әртүрлі ұстаным ұстанады. Көбі геосаяси ахуал ушыққан кезеңде жаппай алтын сатып алып жатады. Ал Ұлттық банк биыл мамыр-шілде аралығында 21,6 тонна алтын сатқан. Бұл қаншалықты дұрыс?
Қаржы • 17 Қазан, 2024
Жеке тұлға банкроттығы: мәселенің мәнісі
Ежелгі Рим империясында қарызға батқан адамдар өзін немесе отбасы мүшелерін кредитордың құзырына өткізуге мәжбүр болған деседі. Қарыз алушының өмірін толықтай бақылауға мүмкіндік беретін жүйе «Нексум» деп аталған. Мойнындағы борыштан құтылмаса, ғұмырының соңына дейін тәуелді болып қала береді. IV ғасырда жойылған осынау жүйе басқаша кейіпке еніп, қазіргі кезде де жалғасып жатқан секілді...
Энергетика • 10 Қазан, 2024
Көпшілік АЭС-тің пайдасы мен тәуекелін түсінді
Отандық атом энергетикасы жүйесін қалыптастырудағы маңызды әрі әдепкі белес саналған референдум өтіп, алдын ала сауалнама қорытындысында ел халқының басым бөлігі елде атом энергия стансасын салуды жақтап дауыс берді. Көпшілік атом энергиясының маңызын түсініп, сеніп отырған сыңайлы. Алаң да жоқ емес. Алайда Мемлекет басшысының АЭС құрылысында «ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан құралған халықаралық консорциум жұмыс істеуі қажет» деген сөзі біраз күдікті сейілтсе керек.
Digital • 08 Қазан, 2024
Цифрлық қауіпсіздікке жауапты «Check point» агенттігінің зерттеуінше, кейінгі жылдары жасанды интеллект арқылы алаяқтық жасайтындар көбейген. 2021 жылдан бастап жыл сайын 27%-ға өсіп отырған. Бұл үрейлі үдеріс еліміздің де табалдырығын аттады. Жыл басынан бері елде 10 мыңға жуық кибералаяқтық оқиғасы тіркелген.