
Спорт • 26 Қараша, 2024
Аңызға айналған дара тұлға Мұстафа Өзтүрікті еске алып, рухына тағзым етіп, өнегелі өмірі мен еңбегін дәріптеу мақсатында велоспортшы, журналист Ернат Рахметолла 70 шақырымдық велошеру өткізді. Астана қаласындағы «Бәйтеректен» басталған велошеруде Ернат Мелсұлы Қабанбай батыр кесенесіне дейінгі қашықтықты жүріп өтті.
Айбын • 26 Қараша, 2024
Көш басында – Өзбекстан командасы
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогі өтті. 15 елден 200-ден аса спортшы медальдар жиынтығын бөліске салды.
Спорт • 26 Қараша, 2024
Елордада осымен екінші рет IBSA «Judo Astana Grand Prix» халықаралық турнирі өтті. Додаға 15 елден 100-ге тарта балуан қатысты.
Туризм • 23 Қараша, 2024
Таудағы сейіл: қауіпсіздік қашанда маңызды
Қарашаның соңғы күндерінде «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында қысқы маусым ашылады. Қала тұрғындары мен қонақтарын қарсы алатын демалыс орнында қадағалануға тиіс басты талап – қауіпсіздік. Тауда сейіл құрып, серуендеу қаншалықты жанға жайлы болғанымен қатері де қатар жүретінін ұмытпаған абзал.
Бокс • 22 Қараша, 2024
Бокстан Азия чемпионаты 29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландта өтеді. Бокстан әйелдер құрамасы дайындықты Алматы облысында өткізіп жатыр. Елдос Сайдалин баптайтын спортшылар құрлық аламанынан абыроймен қайтуды көздейді.
Спорт • 21 Қараша, 2024
Испанияда «Lamborghini Super Trofeo» халықаралық сайыстың жаһандық финалы өтіп, еліміздің «ARTLine» командасы жеңіске жетті. Әлемдік финал Солтүстік Америка, Еуропа, Азия құрлықтарында болған үш іріктеу кезеңінің жеңімпаздары арасында өтті. Lamborghini Huracan автокөлігін тізгіндеген 67 қатысушы арасында жерлесіміз Егор Оруджев топ жарды.
Футбол • 19 Қараша, 2024
Келесі жылы өтетін футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы алғашқы матчта 19 жасқа дейінгі еліміздіңжастар құрамасы Украина жастарын 2:1 есебімен жеңді.
Спорт • 19 Қараша, 2024
Теннис: Жаһандық додаға жолдама алды
Астанада теннистен Билли Джин Кинг кубогі аясында еліміздің әйелдер құрамасы Оңтүстік Корея теннисшілерімен тартысқа түсіп, 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Футбол • 19 Қараша, 2024
Еліміздің ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңін сәтсіз аяқтады. Футболшыларымыз қарымды қарсыластарына тойтарыс бере алмады. Ресейлік маман Станислав Черчесов бас бапкерлік тізгінді ұстағалы ұлттық құрама қатарынан 5 матчта ұтылды.
Спорт • 19 Қараша, 2024
Ақтөбе қаласында дзюдодан ересектер арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Келер жылдың еншісіндегі әлемдік додаларға баратын балуандарды іріктеу аламаны болғандықтан, биылғы біріншілікке қатысушылардың шоғыры қалың болды. Тіпті бір салмақ дәрежесінде 50-ден астам саңлақ сынға түсті.